Оқушыларды сақтыққа шақырды

Қауіпсіздік
31.05.2023, 12:48
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Санаулы күнде оқушылардың жазғы демалысы басталады. Каникул деген жақсы әрине, қызық та жетеді. Бірақ, балалар қауіпсіздігі алаңдатпай қоймайды.  

Жіңішке станциясының қызметкерлері кезекті акция кезінде желілік полиция қызметкерлерімен бірге мектептерді аралап, темір жол ережелерін оқушылардың құлағына құйды.  

«Темір жолдың қауіпті аймақ екенін үнемі айтамыз. Бұл жерде ойнауға, белгіленбеген жерден өтуге болмайды. Жолда тұрған вагондардың үстіне шығу былай тұрсын, қасына жақындауға қатаң тыйым салынады. Әр адам жеке бас қауіпсіздігін сақтау керек. Темір жол аумағында болып жатқан қайғылы оқиғалардың қарапайым ережелердің сақталмауынан болатынын тағы да қайталап, түрлі мысалдармен түсіндірдік», – деді станция инженері А.Сәуірбаева.

Оқушылармен әңгімелесу кезінде стратегиялық аймақ тәртібі егжей-тегжей түсіндіріліп, ермек үшін темір жолды жағалап, өтіп бара жатқан пойызға тас лақтырып немесе рельске бөгде зат қойып ойнаудың соңы қандай ауыр зардапқа әкеліп соқтыратыны, әке-шешелері қанша айыппұл төлейтіні – бәрі-бәрі айтылды.  Жіңішке станциясының теміржолшылары қала тұрғындары мен қонақтарынан темір жол бойында сақтыққа шақырып, жолдан өту ережелерін қатаң сақтауды, балаларды қараусыз жібермеуді сұрайды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды