Атырау темір жолында 150 шақырымға қоршау тартылмақ

Қауіпсіздік
09.06.2023, 11:06
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржол Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Мақат, Қызылқоға, Жылыой сынды алты аудан аумағын қиып өтеді. Жолдағы мал аймақ теміржолшылары үшін аса өзекті мәселеге айналғалы қашан.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде жыл сайын жол дистанцияларының өз күшімен теміржол бойын малдан оқшаулау, қоршау, яғни тосқауыл-шарбақ салу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде 300 шақырымда қоршау бар, ол барлық ұзындықтың тек 35 пайыздайы ғана. Соның ішінде Атырау жол дистанциясы бойынша 118 шақырым, Сағыз-Мақат-Атырау-Ганюшкино-рзд. Д.Нұрпейсова учаскесі және Құлсары дистанциясы бойынша Мақат-Құлсары-Бейнеу учаскесінде 106 шақырымды алып жатыр. Бөлімшенің жол шаруашылығы қызметкерлері күшімен 2021 жылы 100 шақырым көлемінде қараусыз малдың теміржолға шығып кетпеуі мақсатында қарсы қоршау салынса, бұл көрсеткіш былтыр жол дистанциялары бойынша 77 шақырым көлемін құраған. Ал 2023 жылға 149,2 шақырым қоршау тұрғызылуы жоспарланып, қазіргі уақытта қолданыстан шығарылған ескі шпалдар қада ретінде орнатылып жатыр, енді оған сым қоршаулар байланады.  

– Бұл қоршаулардың айтарлықтай көмегі бар. Мәселен, 2021 жылдың 6 айында пойыздардың 138 шұғыл тежеу оқиғасы орын алған болса, 2022 жылдың 6 айында малдың жолға шығуына байланысты пойыздардың небәрі 17 шұғыл тежеу оқиғасы орын алған. Ал биыл бүгінгі күнге дейін тек 6 оқиға тіркелген. Яғни малдың жолға шықпауына қоршаудан да көмек бар. Алайда, малдың жол бойына шығуының артында апат қаупі, азаматтарымыздың өмірі, экономикалық-материалдық шығындар жатқанын естен шығармағанымыз абзал, – дейді бөлімше басшысының өндірістік мәселелер бойынша орынбасары Аманқос Жылқыбаев.  

Аймақта аса қауіпті саналатын жерлер Атырау-Махамбет, Махамбет-Қызылжар, Бақсай-Аққыстау, Құлсары-Шоқпартоғай, Жантерек-Мұқыр-Сағыз, Ганюшкино-Атырау аралықтары.

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты