Маңғыстауда төрт айда шұғыл тежеу 42 рет басылған

Қауіпсіздік
09.06.2023, 11:32
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды» демекші, жолдағы мал – бүгінде жалпы бұқаралық сипатқа айналып кеткен кереғар көрініске айналды. Кейінгі кезде түбек темір жолында жолға мал шығу оқиғасы тағы да жиілеп кеткен. Ал бұл жолшылар үшін нағыз апатқа айналып отыр.

Биылғы жыл басынан бергі өткен төрт айда Маңғыстау жол дистанциясы аумағында тепловоз машинистері 42 рет шұғыл тежеу берген. 6 мал басу оқиғасы тіркеліп, қанша шаруа малынан айрылса, теміржолдың шығыны шаш-етектен...  

Былтырғы салыстырмалы мерзімде 29 факті тіркеліп, 1,45 тонна жанар-жағармай ысырап болған екен. Осы жылы тежеулер саны артқандықтан ауаға ұшқан дизельдік отын көлемі де өсіп, шығындалған тепловоз майы 2,10 тоннаға жеткен. Мал басу оқиғалары Бастау-Ақбөбек бекеттерінің, Шетпе-14 бекет, Өзен-Бастау, Боржақты-Қарақия аралықтарында болған. Биылғы 6 жағдайдың тек біреуінде ғана малдың иесі анықталмаған. Қалғандарына қатысты төрт түліктің иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 30-тарау 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту беріліп, айыппұл салынған.  

– Өткен жылдары жолға мал шығу оқиғалары сәл де болса азайған еді, 2022 жылдың бастапқы төрт айында тек 4 мал басу фактісі орын алған. Биыл халықтағы мал саны артты ма, жауапкершілік кеміп кетті ме, жедел тежеу жағдайлары көбейіп кетті. Қоршаулар салынып, ескісі жөнделіп, тұрғындарға ескерту мен түсінік жұмыстары жылдағыдай өз жалғасын табуда. Сондықтан басты себеп мал басының артуы деуге болады. Осыған дейін мал иелеріне қатысты 346 адаммен түсінік жүргіздік. Бұл жұмысты жалғастырып, тұрғындарға кеңінен насихаттау және малды арнайы бақташымен бағу туралы ұсыныспен Маңғыстау, Қарақия және Мұнайлы ауданы әкімдеріне хат жолданды. Желілік полиция бөлімшесі, ауыл әкімдігі қызметкерлерімен бірлесе Боздақ, Батыр, Баянды, Емір елдімекендерінің тұрғындарымен де кездестік, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаев.  

Дистанция өкілінің мәліметінше, биыл 10-11 бекет, ст.Шетпе-13 бекет, 12-13 бекет, 12-11 бекет аралықтарының оң және сол жағына 88,7 шақырым жаңадан мал өтпейтін қоршау құрылысы жүргізіліп жатса, 10-11 аралығына тікенек сымдар орнатылуда екен. Сонымен қатар, дистанция жолшыларының «жолдағы мал жолшының ғана «бас ауруы» ма, неге барлық ауыртпалық пен жауапкершілікті біз ғана арқалап, күндіз-түні кезекшілікпен жол бойын төрт түліктен қоруға тиіспіз? Тек түбек емес, бүкіл ел өңірлеріндегі жолшыларға артық жұмыс жүктеп отырған келеңсіз мәселе қашан оң шешімін табады?» – деген жанайқайын да жеткізді.  

Маңғыстау жол дистанциясы қызмет көрсететін телім бойындағы елді мекендер, ауыл әкімдіктері бұған не уәж айтар екен?

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті