Атырау жүк тасымалында биыл қанша жазатайым оқиға орын алғаны белгілі болды

Қауіпсіздік
24.07.2023, 14:41
Сурет автордікі
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда ең басты ұстаным  – қауіпсіздікті сақтау. Темір тәртіпке бағынған салада қауіпсіздік – әр теміржолшының қанына сіңген қасиет десек жаңылыспаймыз. Әрине, өндірістік салада бәрі мінсіз болуы мүмкін емес, қауіпсіздікке қатер төнетін жағдайлар жеткілікті.

Қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басшылар тарапынан кенеттен тексеру жүргізу, станцияларда жұмысшылармен технологиялық процесті, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды қадағалау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Алты айда барлығы 36 кенеттен тексеру өткен. Оның барысында арнаулы киімсіз жүрген 11 жағдай, еңбек тәртібін бұзу 14, лауазымдық нұсқаулықты бұзу 8, қауіпсіздік техникасын бұзудың 5 жағдайы анықталып, оларды түзетуге нұсқау берілді.  

– Бөлімшеде еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті арттыру бағытында кешенді жоспарға сәйкес 11 іс-шара жоспарланып, оған 353887,35 мың теңге бөлінген. Еңбек жағдайына аттестация жүргізу барысында 458 жұмыс орны аттестацияланған. Сонымен қатар 1707 адам ауаның газдануы, физикалық және шулы жерде т.т. зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейді. Сонымен қатар, бөлімше бойынша қауіптілігі жоғары 62 нысан бар, олар крандар, қысыммен жұмыс жасайтын құрылғылар, электр қазандары, т.б. Биылғы жарты жылда қауіпті саналатын техникалық қондырғыларда апатты жағдай болған жоқ.  Қысқасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – өз қолымызда, оған тек жағдай жасау керек,– дейді бөлімшенің қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімінің бастығы Салтанат Нұрсұлтанова.        

Биылғы жарты жылда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 2 жазатайым  оқиға орын алыпты. Біріншісінде машинист байқаусызда аяғын ауыртып алған болса, екінші жағдайда  жүк қабылдап-жөнелтуші қызметтік міндетін атқарып жүрген кезінде қаңғыбас иттер шабуылдап талаған. Екі жағдайда да жұмысшыны кінәлай алмайсың, сондықтан қауіпсіздікті сақтамады деп айып тағу да орынсыз секілді. Екі оқиғада да қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келген жоқ, ал жұмысшылардың емделуіне жағдай жасалды.  

Әрине, темір жол саласындағы қауіпсіздікті сақтауда алдын алу шараларының алатын орыны ерекше. Соған сәйкес, орын алған төтенше оқиғаларды жедел зерттеу, қауіпсіздік мәселесіне жанама әсер ететін нақты регламенттерді, жұмыс барысына сапалы мониторинг жүргізді қатаң түрде сақтаудың маңызы зор.  

Қауіпсіздікті сақтауда практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары болатыны сөзсіз. Бұл бағытта қауіптілігі аса жоғары аймақта жұмыс істейтін жұмысшыларға қауіпсіз еңбек ету іс-тәжірибесін көрсету бойынша сабақтар өтіп, оған пойыз құрастырушылар, белгі беруші, жүк қабылдаушылар қатысқан. Теміржолшылардың дені ашық далада, күннің бетінде, желдің өтінде  жүретіні белгілі. Сол бағытта еңбек гигиенасы, суықта қалай жүру, ыстықта өзін қалай ұстау, қатты жел кезінде қалай әрекет ету мысалдары да қажетті дүниелер. Ол бойынша да бюллетендер таратылып,  сабақтар өтіп тұрады.  Еңбек жағдайын жақсарту мақсатында Ганюшкино, Атырау, Ақжайық, Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Құлсары, ВЧДЭ-1 Атырау бекеттерінде ас ішу бөлмелері жабдықталып, барлық қажеттілік жасалған.    

Өрттен сақтану, экология, өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша да қажетті шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде өрттен сақтану шаралары бойынша 252 ескерту беріліпті, бірақ оларды түзету баяу жүріп жатыр екен. Ал, көмірмен жанатын жылыту қазандарын электрлендіріліген түріне ауыстырғаннан кейін ауаны ластау әлдеқайда азайған.  Станцияларда «Қауіпсіздік диалогы», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережесі», т.б. тақырыптарда көрнекі жадынамалар ілінген. Ал жазғы-қысқы арнаулы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен бөлімше жұмысшылары 100 процент қамтамасыз етілген.  

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады