Қызылордада алты айда 52 шұғыл тоқтау тіркелді

Қауіпсіздік
11.08.2023, 09:53
Оқуға 3 мин

Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар, жеке адамдар төрт түлігін аса қауіпті саналатын теміржол аумағына бетімен қоя беруі – қаншалықты экономикалық шығынға ұшыратып отырғаны айтпаса да түсінікті. «Малым – жанымның садағасы» деген жұртпыз. Ендеше, неге өсіріп отырған ақ адал малымызды пойыз басып кетіп, арам қатуына жол береміз?

Сонымен қатар мемлекеттің басты байлығы саналатын адамдар өз өмірлерін қиып, жылжымалы құрамның астына түсу оқиғалары да аз емес. Жолға шыққан мал мен жанның кесірінен машинистер былтырғы шілде айында 12 рет, биылғы шілде айында да 12 рет жедел тежегіш қолданып, пойызды шұғыл тоқтатқан. Ал ол өткен жылдың алты айында 58 рет, биылғы алты айда 52 рет тіркеліп отыр. Бұның ішінде жыл басынан бері 4 рет мал, 4 рет адам басу жағдайы орын алған...  

Әрине, теміржолшылар қол қусырып қарап отырған жоқ. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзылмау үшін рейдтер, тексерулер мен түрлі топтармен кездесулер өткізіп, теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Бірақ нәтиже көңіл көншітпей тұр. Қызылорда жол дистанциясы Қаракеткен – Түркістан станциялары аралығына қызмет көрсетеді. Негізгі міндетіміз – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдың бабын жасау. Десек те, қараусыз мал мен бөгде адамның жолға шығып, жылжымалы құрам қозғалысына кедергі келтіру оқиғасы артқалы жолшылардың да жұмысы көбейіп, функционалдық міндетіне кірмейтін жүктемені қоса атқарып отырған жайы бар.  

Қызылорда жол дистанциясының ұжымы жыл басынан бері жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуына жол бермеген. Дегенмен адамдардың, қараусыз малдың жолға шығуы, бала-шағаның бөгде заттарды темір жолдың бойына қойып кетуі және азаматтардың өрт ережелерін сақтамауы салдарынан дистанция телімдерінен өткен локомотив машинистерінің жоғарыда айтып өткеніміздей жедел тежегіш қолданған. Қауіпті жағдайлар әсіресе Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы, Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында жиі орын алады.  

Иесіз малдың және тұрғындардың темір жолға шығуына тосқауыл қою үшін қауіпті деген жол бойын қоршау аз да болса оң нәтижесін беріп келеді. Жыл сайын теміржол қоршауларына тікенекті сыммен күнделікті және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Облыстағы 8 аудан әкімшіліктеріне хат жолданып, Жаңақорған, Сырдария ауданы тұрғындарымен кездесу өткізіліп, 3 рет әлеуметтік желілерге бейнероликтер жіберілді.  

Сонымен қатар желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жергілікті тұрғындар және мектеп оқушыларымен биыл 73 мәрте рейд жүргізілді. Рейд кезінде иесіз малдың және адамның жолға шығу, жолға бөгде заттарды қоюы және өрт қауіпсіздігінің алдын алу, т.б. іс-шаралар қамтылды. Дистанция бойынша 9 күзетпелі, 7 күзетпесіз теміржол өткелі бар. Алты ай ішінде оған қатысты 192 рет рейд өткізіліп, 4949 автокөлік иелері өткелдерден өту ережелерімен таныстырылды. ОПД ӘПБ қызметкерлерімен 2 мәрте өткелдерге тексеріс жүргізілді.  

Темір жол – қауіпті де стратегиялық маңызы бар аймақ. Ол жерде бей-берекет жүруге, жол бойын жағалай мал жаюға болмайды. Сонымен қатар бала-шағаның бұзақылық жасап, пойыз терезесіне тас лақтырып немесе жол үстіне бөгде заттарды қойып кетуіне жол бермей, қауіптің алдын алу барлық саналы азаматтардың міндеті болуы керек. Көктем-күзгі егін жұмыстары, сенбілік кезінде және ауа температурасының жоғарғы жағдайында өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-экологиялық норма талаптарын қатаң сақтау да назарда ұсталуы керек. Сондай-ақ автокөлік жүргізушілер теміржол өткелінде ережелерді қатаң сақтаса, ешқандай апат болмайды. Міне, осы талаптар орындалмаса, ҚР Әкімшілік кодексінің 559-бабында көрсетілген тармақтар бойынша жауап беруге тура келетінін азаматтардың есіне тағы да салып қойған артық болмас.  

Ахметқали ЕЛЕУСІНОВ, 

Қызылорда жол дистанциясының жетекші инженері

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды