Күзет: Қызмет көрсету көлемі ұлғайды

Қауіпсіздік
12.09.2023, 10:00
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол бойы мен әртүрлі объектілердегі жүктерді күзету «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жүзеге асырылатыны белгілі. ӘТЖК-ның Атырау филиалы ұлттық компанияның салалық мекемелеріне күзет қызметін ұсынып келеді.

Жалпы Атырау филиалы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы қосалқы бөлімдерімен жасалған келісімшарттар негізінде тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ете отырып, нарық жағдайында жұмыс жасайды. Филиал қызметкерлері үш шекара аймағында, яғни Ақсарай (Ресей), Қарақалпақстан (Өзбек), Болашақ (Түрікменстан) мемлекеттер аралық түйіспелерінде қызмет атқаруда.

– Біздің негізгі міндетіміз – темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді күзетпен қамтамасыз ету. Осы жылдың 8 айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарына күзет қызметін көрсетуге орай 3 келісімшарт жасалды. Оның ішінде екеуі Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерімен, 1-і орталық магистральдық желі бөлімшесіне қарасты кәсіпорындарымен жасалған. 2023 жылғы келісімшартқа сәйкес 1 шілдеден бастап 8 пост қою арқылы 2 нысанның күзетілуі қамтамасыз етілді. Олар – Орал және Соколок өзендері арқылы өтетін көпірлерді күзету. Сондай-ақ жол бөлімшелерімен жасалған келісімге сәйкес жүктерді ілесе күзету қызметі көрсетілген. Биылғы жылдың 8 айында 15 236 пойыз бен 564 625 вагон ілеспе күзетпен қамтамасыз етілді. Өткен жылдың осы мерзімінде 16 802 пойыз, 628 576 вагон күзетілген-ді. Сегіз айда «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ филиалдары бойынша 5952 күзет-сағаты жоспарланған болатын, ол өткен жылмен салыстырғанда 5952 сағатқа артық. Талданған мерзім қорытындылары бойынша орындау 5952 сағатты құрап, жоспарланған көлемді 103% орындадық. Біздің жұмысымыз нысан саны, сағат мөлшерімен өлшенетіндіктен, жүктерді ілесе күзету жоспары 1 743 495 сағат болса, нақты 1 998 073 сағатты құрап, жоспар 114,6% орындалды. Жоспардың артығымен орындалуына күзетілетін пойыздар мен вагондар санының артуы ықпал етті, – дейді филиал директоры Серік Ербөлеков.  

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды