Экология қауіпсіздігі талқыланды

Қауіпсіздік
19.09.2023, 10:17
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияның бас инженері – Техникалық саясат департаментінің директоры Батыр Котыревтің төрағалығымен желілік, өңірлік басқару деңгейлерінің жоғары басшыларының қатысуымен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты бейне-селекторлық кеңес өтті.

Мұндай кеңестер ай сайын әртүрлі тақырыптарда – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігі, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өткізіліп тұрады. Бұл жолы негізгі тақырып экологиялық қауіпсіздікке арналды.  

Осы жылдың сегіз айында Еңбек және экологиялық қауіпсіздік инспекциясы Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстарындағы Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жоспарлы тексерулер жүргізді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерге жасалған талдау, желілік кәсіпорындарда табиғатты қорғау қызметіндегі бұзушылықтардың қайталануын көрсетті. Яғни, жиі анықталған бұзушылықтарға келсек, олар экологиялық қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы сапасыз жүргізу; әртүрлі қалдықтарды сақтау шарттарының орындалмауы; қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердің және арнайы жабдықталған алаңның болмауы; экологияны қорғауға қатысты қызмет көрсетуге шарттардың уақытылы жасалмауы; экология бойынша оқыту сабақтарының дер кезінде өткізілмеуі еді.  

Кейбір бөлімшелерде күл мен қож қалдықтарын сақтауға арналған арнайы бөлінген алаңдардың болмауы, тиісінше өндіріс қалдықтарын жер бетінде сақтау сияқты бұзушылықтар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есептілік деректерін уақытылы ұсынбау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу бойынша шаралардың дер кезінде қабылданбауы сияқты фактілер анықталды. Ал өз кезегінде Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының бұлайша бұзылуы бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан ірі көлемдегі айыппұлдар салу қаупіне әкеп соғуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.  

Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының жетекшілеріне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтіп, анықталған бұзушылықтарды барынша азайту шараларын қабылдау қажеттігін ескертті.

 

Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ