«Қауіпсіздік сақшылары» бағдарламасы іске қосылды

Қауіпсіздік
02.11.2023, 10:27
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сәрсенбі күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларына арналған «Қауіпсіздік сақшылары» корпоративтік бағдарламасы іске қосылды.  

Шараның ашылу салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов, Бас инженер-техникалық саясат департаментінің директоры Батыр Котырев, Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сауле Истлеева қатысты.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама кәсіптік құзыреттерді дамыту арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға, кәсіби қоғамдастық құруға, Компанияның негізгі кәсіптерінің бірі жол қозғалысы қауіпсіздігі аудиторларының жеке және командалық тиімділігін арттыруға бағытталған.

– Біздің көліктік-логистикалық холдинг құрудағы стратегиялық мақсаттарымыз кадрларды оқыту мен дамытуға ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біздің қызметкерлер – осы өршіл бастамада табысқа жетуге мүмкіндік беретін негізгі ресурс. Ал стратегиялық мақсаттарымыздың бірі – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне кепілдік беру – бұл темір жолды пайдаланудың, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі шарты. Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру құралдарының бірі кәсіби құзыреттіліктерді дамыту, жеке және ұжымдық тиімділікті жақсарту, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың алдын алу және оның жаңа тәсілдерін зерделеу болып табылады. Қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры жұмысының қажетті шарттары – тәртіп, зейінділік, қырағылық, сөйлесулердегі анықтық, келісімділік және тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікті сезіну. Осы оқыту бағдарламасының арқасында сіздер кәсіби ревизорлар қауымдастығын құрып, онда озық тәжірибелермен алмасып, бизнес-тәсілдеріңізді талқылап, жетілдіресіз, өндірістік шаруалармен бөлісіп, теміржол көлігіндегі осы маңызды кәсіптің мәртебесін көтересіз деген сенімдемін, – деген Серік Кеулімжаев оқыту бағдарламасына қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Компанияның Бас ревизоры Марат Шакеновтің пікірінше, қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры темір жолдағы бақылаушы мен аудитор іспеттес. «Қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры өте жауапты жұмыс. Бұл одан бақылау мен тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдауды, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алуды ұйымдастыруды және теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоспарланған түзету іс-шараларының тиімділігін бағалауды талап етеді», – дейді ол.

Ал Компанияның бас инженері Батыр Котырев Матрица ТОТО (Today-Tomorrow) шеңберінде қайта құрастыру бойынша шеберлік сабағын өткізді. Онда ол өндірістік қауіпсіздік, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуы ең бірінші кезекте адам факторымен байланысты екенін «біз айсбергті оған соғылғанда ғана барып көреміз» деген Титаник синдромы мысалымен қызғылықты етіп жеткізді. Орайы келгенде, бас инженерден бұл іс-шараның мақсат-міндеті туралы сұрадық.  

«ҚТЖ компаниясы бұған дейін бас инеженерлерге, нұсқаушы машинистерге арналған оқыту академиясын ұйымдастырды, енді кезек ревизорларға келіп отыр. Бұл оқыту академиясы қазіргі заман тілімен айтсақ, Компания қызметкерлерінің Soft skills, яғни «жұмсақ» дағдыларын дамытуға бағытталған. Дәстүрлі тілмен айтқанда,  біліктілікті арттыру. Кәсіби дағдыларды уақыт талабына, заман ағымына қарай баптау немесе қайта орнату. Мәселен, мамандардың оқу орындарында, өндірісте алғандары – бұл негізгі білім, негізгі дағдылар. Бұл оларда бар. Ал қазір әртүрлі факторлар әсерінен құбылып, өзгеріп жатқан мына заманда тез өзгеріс жасау қажет. Тіпті, кейбір өзгерістерді бір жыл ішінде жасау керек. Мен жаңа қайта құрастыру академиясы бойынша шеберлік сабағын өткіздім. Онда мысалға компанияның өмірлік циклын мысалға алдым. Мысалы, 1980 жылдары компаниялардың өмірлік циклы 75 жылды құрайтын. 1995-2000 жылдар аралығында орта есеппен 15 жыл шамасын құрады. Ал 2020 жылдан қазіргі уақыт арасында 6 жылды құрайды. Егер компания өзгермесе, қайта құрастырылмаса, онда ол жоғалады. Оған мысалдар көп.Әлемдік танымал компаниялар Хамер, Кодак, Нокиа және тағы басқалары. Ал сол компаниялардың бұрынғы бәсекелестері Филиппс, Самсунг болса, өз брендін қайта құрастыру, бейімделу арқасында сақтап қалды. Олар біреудің өзгерткенін күткен жоқ, өздері іштен трансформация жүргізді. Яғни трансформация – бұл түбегейлі, жүйелі түрде  ұзақ жүретін процесс. Қайта құрастыру бұл ірі инвестицияны қажет қылмайтын қысқа мерзімді жүйелі процесс. Яғни мұнда көп жағдайда компания көшбасшыларының, тұтас ұжымның қатысуы қажет етіледі», – деді ол.  

Ал өз кезегінде Компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева бұл модульдік бағдарлама ревизорлық аппарат қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік матрицасы негізінде олардың функционалдық құзыреттерін ескере отырып әзірленгенін және 100 қозғалыс қауіпсіздігі ревизорының (50 адамнан 2 ағын) кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерін дамытуды көздейтінін айтады. Оқыту бағдарламасы сыртқы және Компанияның ішкі жаттықтырушыларын тарта отырып, онлайн және офлайн форматтарда өтеді екен.  

Бірінші модульде ревизорлар қозғалыс қауіпсіздігін бұзуды тергеу және тексеру жүргізу, түзету шараларын әзірлеу және бұзушылықтарды құжаттандыру, қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару салаларындағы құзыреттерін арттырмақ. Екінші модульдің онлайн форматында ревизорлар цифрлық дағдылар, жанжалдарды басқару, үнемді өндіріс және стреске төзімділік тақырыптары бойынша тренингтен өтеді. Бағдарламаны аяқтағаннан жобаны қорғаған қатысушыларға біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттар беріледі.

Жаңалықтар
11.02.2026
Неліктен теміржол көлігі ең тиімді таңдау?
Әлемде
11.02.2026
Talgo Сауд Арабиясы үшін тағы 20 жүрдек пойыз жасайды
Жүк тасымалы
11.02.2026
Орталық дәліз транзит уақытын 16 күнге дейін қысқартты
Жолаушылар тасымалы
11.02.2026
Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райы кезінде 400-ге жуық жолаушы ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды
Жолаушылар тасымалы
10.02.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін пойыздар шығарды
Жаңалықтар
10.02.2026
Президент: Теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет
Жаңалықтар
10.02.2026
Үкімет басшысы транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайту көзделіп отырғанын айтты
Жолаушылар тасымалы
10.02.2026
Жолаушының пойызда жағдайы нашарласа, не істеу керек?
Жаңалықтар
10.02.2026
Теміржол кластерінің бес кәсіпорны Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енді
Цифрландыру
10.02.2026
Жасанды интеллект: Цифрлық сервистің жаңа кезеңі
Аймақтар
10.02.2026
Жамбыл филиалының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері
Станция тынысы
10.02.2026
Бейнеудің мүмкіндігі артады
Әлеумет
10.02.2026
Тегін билет кімдерге тиесілі?
Қауіпсіздік
10.02.2026
Жұмысшылар қауіпсіздігі маңызды
Жаңалықтар / Мұрағат
10.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №10 10 ақпан 2026 жыл
Спорт
09.02.2026
Спорт комитеті құрылды
Жаңалықтар
09.02.2026
ҚТЖ мен Эстония темір жолы басшылары логистика мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
09.02.2026
Шұғыл тежеу көбейген
Әлемде
09.02.2026
Әйгілі Big Boy паровозы АҚШ-тың 250 жылдығына орай турға шығады
Жолаушылар тасымалы
09.02.2026
«Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол маршруты іске қосылады