Бейнеу станциясында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қауіпсіздік
13.02.2024, 10:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол – стратегиялық маңызды нысан. Тоғыз жолдың торабында түрлі адамдар кездеседі, олардың арасында ұры да, қары да болуы мүмкін. Міне, осынау алып салада қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетінің бір парасы желілік полицияға жүктелген.

Осы мақсатта теміржол бойында түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізетін көліктегі тәртіп сақшылары кезекті айлықты өткізуде. ҚР ІІМ нұсқамасына сәйкес ақпанның 5-9 аралығында «Бөгет», 7-9 аралығында «Қару» атты іс-шара ұйымдастырылып, сәтті аяқталды. 1 және 5 ақпан күндері басталған «Браконьер», «Қауіпсіз жол» атты іс-шаралар айдың соңына дейін жалғасады.  

Осыған орай Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері станцияға келіп-кететін барлық жолаушылар пойыздарында қырағылықты күшейткен. Пойыздағы жолаушылармен кездесіп, оларға есірткі заттарын сақтау, тасымалдаудың, тиым салынған аң мен бекіре тұқымдас балық өнімдерін заңсыз алып жүрудің, атыс қарулары, оқ-дәрілер, жарылғыш заттары мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз жасалуына және айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және анықтау мақсатында қажетті жұмыстарын жүргізуде.  

Сонымен қатар ҚР аумағына заңсыз келетін азаматтарды анықтау бағытында да тиісті шараларды қолға алған.  

– Профилактикалық шаралар кезінде Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлері құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыс атқарды. Станцияға аялдаған жолаушылар пойызының вагондарындағы жолаушылар, теміржолмен жолға шығып жатқан қонақтар мен тұрғындар, мектеп оқушылары, теміржолшылармен кездестік. Өз мақсатымызға сай түсінік беріп, тиісті заң талаптарын сақтамайтын әрекеттерге барудың салдары туралы ескерттік. Іс-шаралар барысында теміржолдың кез-келген жерінен кесіп өтушілер, заңсыз жүрген шетел азаматтары, белгіленбеген жерде сауда жасаушылар, мас күйде жүрген жолаушылар да анықталды,– дейді Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Насыр Дербісалиев.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды