Қараусыз мал – қауіпті

Қауіпсіздік
18.12.2025, 17:29
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қараусыз мал – қауіпті! Өйткені бұл төрт тұяқты жануар қанша момын болса, темір жолға одан келетін қатер соншалықты зиянды болып тұр. Маңғыстау темір жолында биылдың өзінде қырыққа жуық малды пойыз басып кеткен.

Пойыз қағып кеткен төрт түлікті санамағанда жолдағы малды баспау үшін машинистер қанша рет шұғыл тежеу беріп, тасымал процесінің құнды уақыты зая кеткен. Биылғы жыл басынан бері Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша темір жолда қараусыз жүрген 37 мал басу дерегі тіркелсе, соның тек 15 жағдайында ғана мал иесі анықталып, оларға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

– Темір жолда иесіз мал жүргені қауіпті екенін тұрғындар біле тұра әлі күнге малды бос жібереді. Осыған байланысты біз тұрғындармен және мал шаруашылығы иелерімен профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді үнемі жалғастырамыз. Маңғыстау жол дистанциясы, Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге өзіміз де ай сайын тұрғындармен кездесіп, түсіндіреміз. Пойыздың алдына шыққан бір малдың кесірінен жол қозғалысына қаншама зиян келеді. Тепловозға зақымдалып, артық жанармай шығындалуы, пойыздардың уақытынан кешігуі сияқты артық шығынға ұшырататын жағдайларға кездесуі мүмкін. Тіпті пойыз жолдан шығып кетуі де мүмкін. Осыны халық түсініп, темір жолға жақын ауылдарда мал шаруашылығымен айналысушылар тиісті шараларды қолдануын сұраймыз. Дегенмен нәтиже жоқ. Әлде айыппұл мөлшері аз немесе басқадай себеп, халықтың төрт түлікті темір жол маңына қараусыз жіберуі тыйылмай отыр, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Нұрболат Шалғабай.  

Оның айтуынша, мал басылған жағдайда бағусыз малдың құлағында ен-таңбасы болмағандықтан иесін анықтау қиындық туғызады. Сондықтан малдың кімдікі екені анықталмай, иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бола бермейді екен. Ал малға қарсы қоршау жайына келсек, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде басты жолдың ұзындығы 1115,5 км болса, қазір соның 687,05 км қоршалған. Биыл жоспар бойынша 107 км жол бойына қоршау жұмыстары жүргізілген.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті