Жіңішке станциясында қауіпсіздік рейді өтті

Қауіпсіздік
19.02.2024, 10:20
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке жүк станциясында қауіпсіздіктің алдын алу шаралары тұрақты өтеді. Бірнеше шет мемлекетке жүк жөнелту жұмыстарын ұйымдастырып отырған бірінші класты станцияда осы мақсатта тағы да рейд ұйымдастырылды.  

Ақтөбе қаласының іргесінде орналасқан Жіңішке станциясы аймақтағы алпауыт Ақтөбе ферроқорытпа және Ақтөбе хром қоспалары зауыттарымен тікелей байланыста жұмыс істейді. Өнімдерін Франция, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ және Оңтүстік Корея елдеріне жөнелтеді. Жүк тиелген құрамдар сабылып жатқан станцияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай емес. Себебі станцияның екі жағында орналасқан елдімекен тұрғындары қауіпсіздік мәселесін жиі естен шығаратын   жайлар аз кездеспейді.  

«Ел экономикасының тікелей дамуына әсер ететін тасымалдау қызметі үшін қауіпсіздік мәселесі маңызды. Бұл жерден жүк вагондары үздіксіз өтіп жатыр, кедергі болмау керек. Қауіпсіздік – кедергісіз жұмыс кепілі.  

Жылжымалы құрамды шұғыл тоқтату көптеген шығындар әкеледі. Сондықтан Жіңішке, Қызғалдақ станциясында өтіп жатқан рейд – кедергісіз жұмысты күшейтуге бағытталған шара», – деді Жіңішке станциясы басшысының орынбасары А.Жұмабаев.

Айтуынша, шет мемлекеттермен жұмыс істейтін станцияда 60-тан аса кірме жол бар, жұмыстың бәрі халықаралық талапқа сай жүргізіледі.  

Станция басшысының орынбасары, инженер мен аға инспектордың желілік полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар Махамбет тұрғын үй алабында өтті. Темір жолға жақын аймақ тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау, ластануға жол бермеу керектігі ескертіліп, стратегиялық аймақта тәртіп бұзбау жөнінде жаднамалар таратылды. Жол бойына қойылған ескерту белгілері де тексеріліп, профилактикалық әңгімелер өткізілді. Желілік полиция қызметкерлері үш адамға белгіленбеген жерден өтуге қатысты ескерту берді. Басшылық тарапынан қауіпсіздік туралы тұрғындарға кеңінен түсіндіріліп, әлеуметтік желіде ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды