«Қауіпсіздік күні» қалай өтті?

Қауіпсіздік
27.02.2024, 09:35
Суреттерді түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары мен шаруашылықтарында әр сәрсенбі «Қауіпсіздік күні». Бүгін біз Астана локомотив пайдалану депосында болып, машинистер ұжымында қауіпсіздік күні қалай өткеніне куә болдық.  

Біз барғанда пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға бағытталған кезекті техникалық сабақ өтіп жатыр екен. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе КТСМ аппаратурасының қызметіне арналды. Келесі тақырып Стандартты емес жағдайда локомотив бригадаларының, соның ішінде машинистердің іс-қимылына ойысты.  

Бірінші тақырып бойынша дәрісін тәмамдаған Валерий Родиченконы сөзге тарттық. Ол Астана белгі беру және байланыс дистанциясында КТСМ жөніндегі аға механик болып жұмыс істейді екен.  

«Бүгінгі сабақта КТСМ-02 құрылғысы, оның техникалық параметрлері туралы егжей-тегжейлі айтып бердім. Бұл аппаратура жүріп келе жатқан жылжымалы құрамдардың букстары қызып келе жатқанын анықтайды. Егер апатты букстар бар болса, осы құрылғыдан машинистердің радиостанцияларына хабарлама келеді. Сондықтан машинистер КТСМ құрылғысының параметрлерін, қалай жұмыс істейтінін білуі керек. Әрі қарай нұсқаулыққа сай әрекет етеді», – дейді Валерий Родиченко.  

Оның айтуынша, қазір ҚТЖ желісіндегі әрбір станция КТСМ аппаратурасымен жабдықталған. Бұл құрылғылардың бір-бірінен арақашықтығы 25-30 км аралығын құрайды екен. Мәселен, Астана мен Атбасар аралығында машинист 5 КТСМ тізбегінен өтеді. Қазір кейбір жерлерде КТСМ құрылғысы жетілдірілген КТСМ-02 типіне ауыстырылып жатқан көрінеді. Тіпті, бұл құрылғының үшінші буыны КТСМ-03 шығыпты. Бірақ ол елімізде бір ғана станцияда Балқашта орналасқан. Жалпы КТСМ-02 аппаратурасының басты міндеті – апатты кассеталық және роликті букстарды уақытылы анықтап, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  

«Біздің Астана белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша айына 9-10 мың жұп пойыз өтеді. Солардың арасынан КТСМ көмегімен 5-7 апатты букстар табылып жатады. Мұндай жағдайда вагон ағытылып алынып, ағымдық ағытып алып жөндеу пунктіне жіберіледі» дейді аға механик.  

Маневрлік тепловоз машинисі Фархат Топенов техникалық сабақта алған мағлұматтардың күнделікті жұмыс барысында тигізіп жататын пайдасы мол екенін айтады. Тәжірибелі мамандарға айына төрт рет, ал жас машинистер мен олардың көмекшілеріне тағы да қосымша екі техникалық сабақ өтеді. Әрине, сабақтарда қозғалатын тақырыптар әркелкі болғанымен мақсаты бір, ол пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау дейді машинист.  

Айтуынша, ақпанның 1-29 аралығында «Пойыздық және маневрлік жұмыс барысында қозғалыс қауіпсіздігінің алдын алу» айлығы жүріп жатыр екен. Сол себептен бақылау да күшейтілген.  

«Ауа-райы нашарлаған күрделі метеожағдайда машинист 811-ші нұсқаулыққа сәйкес әрекет етуі керек. Көбірек дабыл қағуы, 944 нұсқаулығына сай жылдамдық режимін сақтауы, яғни қауіпсіздік шараларын қолдануы шарт» деп түсіндірді бүгінде «бір тұлға» қағидасымен Нұрлы жол станциясында маневрлік тепловозда жұмыс істейтін тәжірибелі машинист. Айтпақшы, ол қаңтар айында 1,3 тонна отын үнемдеп, тиісінше 70 пен 100 мың аралығында сыйақы алған.  

Қауіпсіздік күні әрі қарай депо басшылығының локомотив бригадаларымен жұмысына ұласты.    

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады