Ақау тапқан вагон қараушы марапатқа ұсынылды

Қауіпсіздік
25.04.2024, 12:08
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана вагон пайдалану депосының Қырқыншы станциясындағы, яғни техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушысы Марат Мезенбеков вагонның бүйір рамасынан күрделі ақау тауып, апаттың алдын алды.  

Тәжірибелі вагон қараушы ақауды вагон шаруашылығында бүйір рамасы бойынша ұйымдастырылған төрт айлық кезінде тауып отыр. Ол түнгі ауысымдағы жұмысы кезінде бүйір рамасынан тереңдігі 2 мм, радиусы R-55 болатын сызатты анықтап, тексере келе қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қауіпті ақау деген қорытынды жасалған. Қырағылығымен қауіптің алдын алған Марат Мезенбековті басшылық «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ұсынды.  

1973 жылы Петропавл өңірінде дүниеге келген Марат теміржолда 2006 жылдан бері еңбек етеді. 2014 жылдан бастап вагон қараушы. Тәжірибеден бөлек түрлі біліктілігін көтеріп, курстарда дәріс алып, бүгінде 6-разрядтағы вагон қараушы-жөндеуші дәрежесіне ие. Соған қарамастан дистанцияда өтетін техникалық сабақтарға қалмай қатысып, білімін жетілдіріп отырады.  

– Вагонның жалпы сыртқы жағдайын көргеннен кейін-ақ ақау болу қаупі бар-жоғын бағамдай бастайсың. Ескілеу болса, ақау шығу қаупі басым. Сондықтан мұндай кезде екі есе мұқият боласың. Түнгі уақытта фонарь түсіріп қарағанда көзге көрінер-көрінбес жарықты анықтау оңай емес. Жалпы осы жұмысқа келгелі 10 жылдың ішінде 3-4 ақау таптым. Бұрын бұлай жария қылмайтын. Қазір ынталандырып, еңбегіміз жақсы бағаланатын болды. Бір ауысымда 12 вагон қараушы шығамыз, әр вагонды 4 адам қарайды. Біздің кәсібімізде ең бастысы          қырағылық, мұқияттылық, тиянақтылық, көздің жақсы көруі мен құлақтың дұрыс естуі де маңызды, – дейді ақау тапқан жігіт.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады