Теміржол станциясында рейд жүрді

Қауіпсіздік
02.05.2024, 12:02
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол – аса қауіпті стратегиялық аймақ. Мұндағы қозғалыс пен жүріп-тұрудың өз ережесі мен тәртібі бар. Оған бағыну – шарт. Ал оны бұзсаң,  жауапкершілікке тартыласың.  

Теміржолға жақын орналасқан елдімекеннің әрбір тұрғыны осындай тұжырыммен таныс. Дегенмен, оны екінің бірі сақтай бермейді. Жіңішке станциясы басшысының орынбасары А.Жұмабаев бастаған бір топ теміржолшылар кезекті рейдке шығып, тағы да осы тақырыпқа қатысты дабыл қақты. Қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында теміржол көлігіндегі ереже мен тәртіп жайын тағы бір ескерткен теміржолшылар станция айналасындағы елді мекендер мен сол маңдағы мектептерді аралады.    

Жіңішке станциясы басшысының орынбасары А.Жұмабаев қауіпсіздіктің сақталуы күнде сұралса да адамдар өз өмірлерін қатерге тігіп теміржолды кез келген жерден кесіп өтуін тоқтатпай отырғанын жеткізді.    

– Төрт түлік малдың да жолға шығып, қоршауларды бұзып кету дерегі азаймай тұр. Оқыс оқиғалардан жолаушылар және жүк пойыздарының кестесі бұзылып, локомотивтерге шығын келеді. Біздің Жіңішкедей жүк станциясы үшін қауіпсіздіктің сақталуы аса маңызды. Айнала толы өндіріс орындары, – дейді А.Жұмабаев.

Рейд барысында оқушылар мен жасөспірімдерге қылмыстардың алдын алу және теміржолда жүру ережесі жазылған жадынамалар таратылып, балалардың жарақат алуы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, жолаушылар пойыздарының әйнектерін сындыру сияқты бұзақылық оқиғалар салдары, ол үшін жауапкершілік пен айыппұл қарастырылатыны түсіндірілді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды