Жолаушылар эвакуацияланды

Қауіпсіздік
17.05.2024, 11:11
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалының екінші қабатынан өрт шықты. Түтін жайлаған ғимарат ішінде қалған жолаушылар эвакуацияланды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №39 өрт сөндіру пойызы мен облыстық ТЖД бірлесіп Ақтөбе теміржол вокзалында өткен өртке қарсы оқу-жаттығу шарасы осылай басталды. «Вокзал ғимаратындағы өртті сөндіру және адамдарды көшіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуының сценариі бойынша екінші қабаттан өрт шығып, ғимарат ішін түтін басты. Есінен танып құлаған адамға дер кезінде көмек көрсетіліп, медицина қызметкерлеріне табысталды. Өрттен қорқып, ғимарат төбесіне шығып кеткен адамдар автосаты арқылы төмен түсірілді. 

 

Жауапты мамандар нысаннан шыққан өрттің алдын алу және өртті тез арада сөндіріп, ғимараттың ішінен қызметкерлер мен жолаушыларды қауіпсіз жерге жедел көшіруді ұйымдастыру, өрт кезінде дұрыс шешім қабылдауды пысықтау жұмыстарын сауатты атқарып, төтенше жағдайға сақадай сай дайындықтарын көрсетті.  

«Жаттығу ең алдымен іс-қимылдың жедел және шапшаң, сауатты әрекет етіп, өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстарды нығайтуға бағытталды. Сырттан қарағанда жаттығу емес, шынайы оқиға сынды көрінген іс-шара жоғары деңгейде өтті деп қорытындыланды», – деді Ақтөбедегі өрт сөндіру пойызының басшысы Бауыржан Файзоллаұлы.  

Айта кетейік, оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы, екі өрт сөндіру техникасы, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қатысты.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады