Атырауда техникалық-әдістемелік сабақ өтті

Қауіпсіздік
23.07.2024, 12:29
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Апат айтып келмейді. Қандай жағдайда да адамдар апаттық жағдайға психологиялық тұрғыдан дайын болып, сақтық шараларын ұстануы қажет. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша өткен техникалық-әдістемелік сабақ бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғаған мазмұнды шара болды.

Шараны бөлімшенің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырып, оған станция, вагон, локомотив деполары, аппарат басқармасы, бөлімге қарасты барлық құрылымдық бөлімше өкілдері қатысты.  

– «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас инженері Р.Садырқұловтың #ЦГ/196-И жеделхат нұсқауына сәйкес Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап жарияланған «Өрт қауіпсіздігі» айлығы аясында қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі мен Азаматтық қорғаныс жөнінде білімін арттыру мақсатында, атап айтқанда медициналық көмек, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, табиғи және техногенді апаттарда, төтенше жағдайларда қорғану шараларын үйрету мақсатында іс-шара өтті. Төтенше жағдайлар кезінде апаттың алдын алу не аман қалу адамдардың әрекет етуіне, яғни құтқару біліктілігіне де байланысты. Сондықтан осындай әдістемелік сабақ өткізген облыстық ТЖД мамандарына үлкен ризашылығымды білдіреміз, – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.  

Шара барысында бөлімшенің өндірістік бөлімінің бас маманы Г.Жұмағалиева теміржолдағы өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу шаралары туралы айтып өтіп, теміржолдағы жылжымалы құраммен аса қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін және теміржол көлігінде өрт оқиғасы орын алған жағдайда жұмысшылардың хабарландыру схемасына сәйкес қимыл іс-әрекеттерін түсіндірді. Сонымен қатар жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелеріне тоқталып, алғашқы өрт сөндіру құралдарының бірі – өртсөндіргішті қолдану тәртібі көрсетілді.  

Ал облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ардақ Утенов «Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?» деген тақырыпта слайд арқылы көрнекі түрде дәріс оқыды. Яғни табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағлайлар, жер сілкінісі, өрт қауіпсіздігі, газдан улану, суға кеткен адамды құтқару, қандай да бір апатқа ұшыраған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларын түсіндірді. Қатысушыларға ситуациялық сұрақтар қою арқылы лекцияны жандандырып, тыңдаушының қызығушылығын тудыра білді. Азаматтық қорғаныс тобының офицері К.Бимұхамбетов пен ТЖД инженері А.Жұмашев теміржолшыларды қатыстыру арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету қағидасын, сондай-ақ түтінге не газға уланғанда, өрт шыққанда, суға кеткенде, суға тұншыққанда, т.б. төтенше жағдайларда қандай іс-әрекет жасау керектігін көрсетті. Мамандар өрт сөндіргіш құралдың қандай түрлері бар, қандай жағдайда қайсысын қалай пайдалану қажеттігін де түсіндіріп, іс жүзінде көрсетті.  

ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, жыл басынан бері өңірде 90 өрт оқиғасы тіркеліп, олардың көбі адамдардың жауапсыздығынан, қауіпсіздікті сақтамағанынан болған. Сонымен қатар биылғы жазда 26 адам суға кеткен, оның ішінде жетеуі бала. Қазіргі кезде үйде қараусыз қалдыру себепті балалардың жоғарғы қабаттан терезеден құлап кету фактілері де жиілеп барады. «Мұндай жағдайларды болдырмау үшін оның алдын алып, үнемі қауіпсіздікті сақтап жүру керек» дейді ТЖД өкілдері.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті