Теміржолшылар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқудан өтті

Қауіпсіздік
23.08.2024, 11:23
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Магистральдық желі дирекциясының 100 қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тереңдетілген оқудан өтті. Бұл іс-шара «2024 жыл – Еңбек қауіпсіздігі және технологиялық үдерісті сақтау жылы» аясында адам өмірін сақтап қалу және төтенше жағдайларда асқынулардың алдын алуға бағытталып отыр.

Семинар-тренингтің мақсаты – қауіпсіздік техникасы бойынша өндірісте, сондай-ақ күнделікті өмірде жарақат алған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету. 15-16 тамызда «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Астана қаласындағы Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы базасында кестеге сәйкес алғашқы 20 қызметкер оқытылды. Семинарда оларға адамның өмірін сақтап қалуға бағытталған нақты іс-әрекеттер көрсетілді, яғни мұнда жапа шегушінің жағдайын бағалау, оның алған жарақатының сипаты мен ауырлығын анықтау, ағзаға зиянды әсер ететін факторларды жою, содан кейін ғана құтқаруға қатысты әрекеттерге көшу жолдары үйретілді.  

Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға бүкіл әлемде танылған және екі жыл бойы жарамды EFAC (European First Aid Certificate) халықаралық нөмірленген сертификаттары берілді. Арнайы оқытылып, сертификатталған қызметкерлер өндірістік кәсіпорындарда, мейлі басқа жерлерде болсын төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жинақталған тәжірибесін тарата алады.  

Есіңізде болсын, алғашқы көмекті медициналық көмек деп қабылдамаған жөн, ол дәрігерлер келгенге дейін немесе зардап шегушіні ауруханаға жеткізгенге дейін көрсетілетін көмек. Алғашқы көмекті қиын сәтте зардап шегушінің жанында болған кез келген адам көрсете алады. Алғашқы көмек көрсету бір қарағанда қарапайым болып көрінер, бірақ шын мәнінде өте маңызды дағды және мұны әркім білуге тиіс.  

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда