Жазатайым оқиғасыз жұмыс істеген Түрксіб станциясы алғысқа ие болды

Қауіпсіздік
26.08.2024, 15:35
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Ұзақ жылдар бойы еңбек қауіпсіздігін сақтауда жазатайым оқиғасыз жұмыс істеген Түрксіб станциясына Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының «Алғыс хаты» тапсырылды. Қырғыз темір жолымен шектесетін халықаралық түйісу станциясының еңбек қорғауда өз тәжірибесі бар.

Бұрынғы Луговой – бүгінде Түрксіб атауын иемденген станция көрші елмен түйісу пункті болғанымен, атқаратын қызметіне қарай учаскелік станцияға жатады. Қазіргі уақытта көршілес елдердегі жүк пойыздарына шекаралық бақылау жүргізілмейді.  

– Бірінші класты станция деген статусымыз бар. Жүргізіліп жатқан жұмыс көлемі бойынша учаскелікке де жатамыз. Пойыздар қозғалысы жиі, жүк тасымалының қарқыны да жаман емес. Соңғы бірнеше жыл өндірісте апатты жағдай, жарақат алу сынды жазатайым оқиғалар орын алған жоқ, яғни еңбек қауіпсіздігін сақтауда жетістігіміз де аз емес. Бұл тұрғыда басты ұстанымымыз – станцияда еңбек ететін әрбір теміржолшыдан ең алдымен өз жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қатаң талап етіледі. Еңбек қауіпсіздігін сақтаудың ережесіне сәйкес келмейтін жағдай қатаң сынға алынады. Бүгінгі күні штатта 88 адам болса, оның 79-ы ауысыммен жұмыс істейді. Ауысым арасында теміржолшылардың жұмысы медициналық тексеруден өтуден басталады. Жұмысшы-қызметкерлерге арнайы киімді киіп жүру міндеттелген, – дейді Түрксіб станциясының бастығы Тимур Қуанышұлы.

Өндірістегі жарақаттардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу – станцияда  күн сайын өтетін техникалық сабақтың да басты тақырыбы. Дәрісте еңбек қауіпсіздігін сақтаудың ережелері мен талаптары әрбір күн сайын қайталанып, осы бағытта шығарылған қаулылар таныстырылып отырады. Станция бастығы техсабақтардың формальды сипат алмай, өз дәрежесінде өтуін қадағалап отырады. Бұл да еңбек қорғау мен қауіпсіздіктің сақталуына ықпал етері сөзсіз.    

Сонымен қатар теміржолшылар арнайы жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен еңбекті қорғау саласындағы біліктілікті арттыру курстарына жіберіліп тұрады. Арнайы құрал-жабдық, жұмыс киімдерімен уақытылы қамтамасыз етіліп тұрады.    

Станцияда  қозғалыс  қауіпсіздігін  сақтауға үлес қосқан қызметкерлерді марапатқа ұсынып, еңбегін дәріптеу ісі жақсы жолға қойылған. Олардың арасында «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Үздік маман», т.т. төсбелгілерінің иегерлері аз емес. Бөлімше басшылығы еңбек қауіпсіздігін сақтауда жазатайым оқиғасыз жұмыс істеген станция басқа салалық құрылымдармен өзара тәжірибе алмасуы керек деп санайды.    

 

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?