Теміржолшылар көктемгі су тасқынының алдын алуға атсалысты

Қауіпсіздік
18.11.2024, 13:08
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы көктемгі су тасқыны еліміздің бірқатар өңірімен бірге семейліктерді де әбігерге салды. Аягөз, Жарма өңіріндегі теміржолға да қауіп төнген. Осыған орай теміржолшылар алдағы көктемде орын алуы ықтимал қар суынан болатын тасқын қатеріне даярлық жұмыстарын қазірден бастады.  

Өңірдегі көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін тексеру және қажетті шараларды бақылау мақсатында бірқатар іс шаралар ұйымдастырылуда. Жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлескен жұмыстар алдағы көктемге дейін жүргізілмек. Бірінші кезектегі міндет станциялар басшыларына жүктелуде. Олар әкімдіктермен бірлесе жұмыс жүргізіп, аумақтағы су қоймаларындағы су қорының жинақталуын назарда ұстап, қар шығару сенбіліктерін ұйымдастыруы тиіс.  

Сонымен қатар су тасқыны қаупіне байланысты су арналарын тазалау, қорғаныс бөгеттерін нығайту және қажетті техникаларды әзірлеу секілді алдын алу шаралары қазірдің өзінде пысықталуда. Бұл жұмыстардың барлығы аймақ басшысының тікелей бақылауына алынып отыр.  

– Жалпы, өңірде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға теміржолшылар да атсалысатын болады. Осы орайда НЖС-6 бөлімшесіне тиесілі 440 көпір, 368 құбыр мен 181 шақырым арық, 1216 км су арналарын қардан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Қызылсу қаупі аяқ астынан. Сол себепті де қажетті жағдай туындаса, жұмылдыру үшін арнайы техникалар да даяр, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша азаматтық қорғаныс бөлімінің инженер-технологы Еркін Спанов.

Осылайша қыс мезгіліндегі атқарылған жұмыстар көктемгі кезеңде су тасқынының қаупін барынша төмендетуге бағытталмақ.  

Айта кетерлігі, Абай облысындағы көктемгі су тасқынына даярлық мәселесі ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің назарына алынған. Соның аясында қазіргі күннен бастап атқарылған аймақтағы барлық шаралардың сапасы бағаланатын болады. Басты міндет – мекемелерге су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізіп, көктемде төнер қауіптің алдын алу болып отыр.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл