Малын жол бойына қараусыз жіберетіндерге айыппұл жоғары

Қауіпсіздік
18.02.2025, 10:52
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Машинистер Ақтөбе станциясы аумағында бір жылда 61 рет жедел тежегіш қолдануға мәжбүр болды. Оның 19 дерегі бойынша тепловоз алдынан адам шыққан.

Теміржол бойының тәртіп сақшылары стратегиялық аймақтағы қауіпсіздікке алаңдаулы. Себебі темір жолға мал мен жанның шығып кету оқиғалары азаймай тұр. «Профилактика» жылы деп жарияланған 2025 жылы темір жол бойындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің өкілдері.  

Өткен жылы жылжымалы құрамдар 61 рет жедел тежегіш қолданып, оның 19 дерегі адамдардың темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі бойынша, ал 42 жағдайда қозғалысқа мал кедергі болған. Адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал иелеріне ескертулер беріліп, қайталанған 7 оқиға бойынша айыппұл салынған.  

– Биыл қаңтарда «Жіңішке-Қызғалдақ» станциясы аралығында жүк пойызы жолға шыққан жылқыны басып кеткендігі туралы хабар түсті. Өлген малда белгі болмағандықтан, иесі анықталмады, мұндай оқиғалар, өкінішке орай, аз емес, сырғасы жоқ малдың иесін анықтау қиынға түседі, – деді Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінен Роза Төлегенқызы.  

Айтуынша, жол бойына шыққан иесіз мал уақытша ұстау қорасына кіргізіледі. Малын жол бойына қараусыз жібергендерге 110 мың 760 теңге айыппұл салу қарастырылған. Яғни, айыппұл да өскен.

 

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты