Теміржолшылар мен құтқарушылар төтенше жағдайға дайындықтарын пысықтады

Қауіпсіздік
14.10.2025, 09:10
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбенің Жіңішке станциясында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе қаупі төнгенде басқару органдарының, апаттық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдарының іс-әрекеттері» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Кешенді жаттығуға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» және «Жүк тасымалы» АҚ филиалы – «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» қызметкерлері, азаматтық қорғау құрылымдары мен өрт сөндіру пойызының мамандары қатысты.  

Жаттығуды Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы басқарды. Жергілікті локомотив және вагон деполары, жол және байланыс дистанциялары, өрт сөндіру пойызының мамандары, сондай-ақ станция қызметкерлері қатысқан жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдары пысықталды. Негізгі мақсат – жеке құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру, түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру болды.  

Жаттығу сценарийі бойынша күкірт қышқылы тиелген вагонның темір жолдан шығып кетуі нәтижесінде апаттық жағдай туындады. Салдарынан екі адам жарақат алды. Олар дереу қауіпті аймақтан шығарылып, апаттық медицина қызметіне тапсырылды. Ал вагон цистернасындағы 6 мм жарықтан төгілген күкірт қышқылының таралу аймағы қоршалып, арнайы су көбігімен залалсыздандырылды.  

Іс-шара соңында жеке құрам сапқа тұрғызылып, оқу-жаттығудың нәтижесі қорытындыланды. Иса Байтұрсынов қатысушылардың жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалап, әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыттарды атап өтті.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды