Теміржолда тәртіп бұзғандар жазаланды

Қауіпсіздік
15.10.2025, 08:55
Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Көлік полицейлері теміржол қауіпсіздігін сақтамаған азаматтарды анықтап, жауапкершілікке тартқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жыл басынан бері 37 мыңнан астам жүргізуші теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Мұндай әрекеттер қайғылы оқиғалардың басты себептерінің бірі саналады.

«Осы жылдың тоғыз айында пойыздардың 1441 рет шұғыл тежелу жағдайы тіркелді. Оның ішінде 274 жағдайда адамдар қауіпсіздік ережелерін елемей теміржол бойында жүрген, ал 1127 рет пойыз жолына үй жануарлары мен түрлі бөгеттер шыққан», - делінген хабарламада.

Халық арасында түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанына қарамастан, жарақат алу деректері әлі де кездеседі. Мас күйде немесе белгіленбеген жерден өту сияқты әрекеттер негізгі қауіп көзі болып отыр.

Тек өткен демалыс күндері ғана Астана, Тараз, Қызылорда және Шымкент станцияларында бес қауіпті жағдай тіркелген. Барлық оқиғада азаматтар теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Машинистердің дер кезінде әрекет етуі қайғылы жағдайдың алдын алған.

Қазіргі таңда барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік полициясы мен теміржол мекемелері түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Полицейлердің айтуынша, теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзу – өз өміріңізге төнген нақты қауіп. Сондықтан азаматтардан тәртіп пен сақтықты қатаң ұстану талап етіледі.

ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты