Атырауда биыл 417 рет шұғыл тежеу қолданылған

Қауіпсіздік
16.10.2025, 11:41
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қыркүйектің 1-30 аралығында «Шара қабылда – өміріңді сақта» айлығы жарияланды. Осы айлық кезінде алынған барлық шараларға қарамастан жағдай қиын дейді теміржолшылар.  

Темір жолдағы белгіленбеген жерден өту, жол бойында жайбарақат жүру, көлік иелері өткелдерден өтуде қауіпсіздікті сақтамау, пойыз жақындап қалса да мал иелерінің малды жолдан тезірек әрі өткізуге тырысуы (ол үшін әкімшілік айыппұл салынатыны ескертілсе де) тыйылмай отыр. Жыл басынан бері еліміздегі темір жолдарда адам басудың 45 жағдайы тіркеліп, 26 адам қайтыс болған, 21 адам мертіккен, оның ішінде балалар да бар. Осы жылдың 8 айында Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты локомотив шаруашылығының машинистері адам мен мал басудан сақтанып 417 шұғыл тежеу жасауға мәжбүр болған. Бұл темір жолға үлкен зиян, шығын келтіретін құбылыс екені аян.  

Сондай-ақ Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігін сақтау қызметінің бастығы Фарида Қазжанованың мәліметінше, бөлімше бойынша «Әскерилендірілген теміржол күзеті» және Атырау станциясы желілік полиция бөлімімен бірге бөгде адамдардың теміржол бойында жүруін қадағалау бойынша 287 бірлескен рейд жүргізілген. Нәтижесінде белгіленбеген орында жүргені үшін 87 адамға, ал станциялық жолға малды бақылаусыз жібергені үшін 7 адамға ескерту беріліп, әкімшілік хаттама толтырылған. Әрине, мұның бәрі темір жолда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және адам өмірін оқыс жағдайдан, қауіптен сақтау үшін жасалап жатқан шаралар.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады