Тоқтап тұған вагонның астынан өту тыйылмай тұр

Қауіпсіздік
05.11.2025, 14:11
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша пойыз қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбы әлі де өзекті болып тұр. Соңғы айлардағы көрсеткіш көңіл көншітпейді. Осынау орайда локомотив шаруашылығы мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, желі бойындағы келеңсіздіктерге себеп болып отырған бірқатар жайттарды анықтады. Сәйкесінше, оларды жою жолдары қарастырылуда.

Шұғыл тоқтаудағы 90 жайт қараусыз малдың есебінен орын алған. Бұл орайда қынжылтары 31 жағдайда ірі қараны қағып кету фактісі тіркелді.  

Десекте, желі бойындағы жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күн тақыбырына шығып отыр. Мәселен, өткен тоғыз айдың есебіне үңілсек, шұғыл тежеуге себеп болған жайттар ішінде желі бойына шығып кеткен адамдар саны 9 оқиға екен. Өкініштісі қайғылы қазаға ұшыратқан жағдайлар бар.  

Локомотив шаруашылығы мамандарының айтуынша, негізгі себеп – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып отыр. Мәселен, өткен тамыз айында қала орталығындағы «Жансая» базарының жанында тоқтап тұрған жүк пойызының астынан өтпек болған егде жастағы әйел қаза болған. Сол жердегі жүргіншілердің қауіпсіздік шараларын былай ысырып қойғаны соншалық, жайрап жатқан мәйітті көріп тұрса да, пойыздың астына өтуге әрекет жасағандар тіркелген. Өткен аптада дәл осы тұста құлаққап киген 23 жастағы жігіт те бейқамдығынан пойыздың астына түсті. Тірі қалғанымен дәрігерлер пойыз қиып өткен оң аяғына ампутация жасауға мәжбүр болыпты.

Семей локомотив пайдалану депосы мамандары жүргізген сараптамалар нәтижесі көрсеткен келесі бір өзекті мәселе, тоқтап тұған вагонның астынан өту тыйылмай отыр. Осы ретте асыққан жаяу жүргішілер келесі жолда пойыз келе жатқанын ескере бермейді. Бұл да қозғалыс қауіпсіздігіне селкеу түсіретін жайт. Мұндай келеңсіздіктер көбіне Семей қаласын көктей өтетін желі бойындағы төрт тұста, оқу орындары мен базар маңында өте жиі тіркеледі.  

Тепловоз машинистеріне салынған сұрау нәтижесі көрсеткендей, тұрғындар көп жағдайда келе жатқан пойыздың алдынан жылдам өтіп кетуге тырысады екен. Бұл жайт шұғыл тежеуге де себеп болады. Кейбір жүргіншілер жылжымалы құрам дер кезінде тоқтап немесе жылдамдығын азайтып үлгереді деген қате пікірде.  

Әсіресе, соңғы уақыттардағы автокөліктің қатысуымен болған шаралар алаңдатып отыр. Жыл басынан бері қала ішіндегі жол өткелдерінде 4 автокөлік кесірінен жылжымалы құрам шұғыл тоқтаған. Абырой болғанда тепловоз машинистерінің біліктілігінің арқасында соқтығысуға жол берілмеді, адам мен мүлік шығыны жоқ.  

Осылайша, осы жылы пойыздардың желі бойындағы шұғыл тежелуіне себеп болатын негізгі төрт фактор анықталған. Бұл ретте қазіргі күні бөлімшедегі локомотив шаруашылығының білгірі Дархан Қажығұлов басқаратын ТЧЭ-24 мекемесінің қызметкерлері пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау, желі бойындағы шұғыл тежелу фактілерінің алдын алу мақсатында себеп-салдарды негізге ала кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Соның ішінде, профилактикалық іс-шараларға баса мән берілуде.  

- Әр үйде балалармен теміржол бойында жүру қауіпсіздігі мен мәдениетін сақтау бойынша әңгіме жүргізілсе құба-құп. Қарапайым ғана әрекет - желі бойына таяғанда капюшонды, құлаққапты шешіп, ұялы телефонға қараудан тыйылу, тепловоз дауысына мән беріп, теміржол өткелінің қауіпсіз екеніне көз жеткізу маңызды. Ал, вагондардың астынан өтуге мүлде тыйым салынады. Сабырмен шамалы күте тұру – жаяу жүргіншінің бүкіл өмірі мен денсаулығын сақтап қалатын абыройлы іс, - дейді бұл ретте депо басшысының орынбасары Жанат Ахметов.    

 

ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты