Пойыз қозғалысы қауіпсіздігі: 12 команда үздік жобаларын ұсынды

Қауіпсіздік
08.12.2025, 11:09
Суретті түсірген Б. Ақсисенов
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда қозғалыс қауіпсіздігі бір күндік не бір кезеңдік нәрсе емес, ол өмір бақи айтыла беретін процесс. Сондықтан оған үнемі көңіл бөлініп отырады. Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибелер» операциялық қауіпсіздігіне қатысты өткен үш күндік байқау да соның айғағындай. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 12 команда, 60 теміржолшы-маман қатысты. Байқау барысында командалардың әрқайсысы пойыз қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобаны ұсынды.  

– Байқау үш турдан тұрды. І тур – «Операциялық қауіпсіздіктің үздік тәжірибесі» деп аталды. Оның мақсаты – тәжірибе бөлісу және өз жобаңды қорғау. Сондықтан әр команда өз аймағында қолданылған үздік тәжірибелерімен бөлісті. ІІ тур – «Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениеті – біздің іргетасамыз». Мұнда тренингтер, іскерлік ойындар, практикалық сағаттар болды. ІІІ тур – «Кейстерді талдау». Команда өндірісте болған оқиғаларды талдап, себебін анықтап, шешімін іздеді. Атыраудан әр түрлі құрылымдық бөлімшелерден 5 адам барып, бір команда болдық. Бізге байқау өте ұнады, – дейді Атырау вагон депосының инженері Бексұлтан Ақсисенов.

Бір қызығы, бұл жолы байқау қорытындысы алғаш рет дәстүрлі қазылар алқасының қатысуынсыз шығарылып, әр команда өз әріптестерінің жобаларын бағалап және жеңімпаздар алқалы түрде анықталған. Жобалар мәселенің өзектілігі, шешімнің өзіндік ерекшелігі, экономикалық тиімділігі, өлшенетін нәтижелері және таралым мүмкіндігі бойынша бағаланған. Ұсынылған бастамалардың қатарында пульт-таблоны жаңғырту, тежеу ережелерін оқыту әдістемелерін енгізу, иесіз малдардың соқтығысуын болдырмау жүйелері, локомотив сигнализациясының жұмысын жетілдіру және станциялардың өткізу қабілетін арттыру бар. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау өңірінің теміржолшылар командасы, екінші орынды Ақтөбе өңірі, үшінші орынды Ақмола өңірі иеленді.  

- Біз байқаудан зор әсер алып қайттық. Ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз. Конкурс әділ, ашық, айқын түрде өтті. Байқау тәжірибе алмасу, жетістіктерді көрсету және теміржол қозғалысы қауіпсіздігі саласында инновациялық шешімдерді енгізу алаңына айналды. Қауіпсіздік мәдениеті – компанияның негізгі басымдықтарының бірі ғой, ал қызметкерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігі – тасымалдау сенімділігінің негізі. Сондықтан мұндай шаралар жиі-жиі болып тұрса екен дейміз, өйткені ол маманның кәсіби шыңдалуына, қауіпсіздік мәдениетінің дамуына, ұжымның бірлігіне үлкен үлес қосады деп ойлаймыз, - дейді Бексұлтан.  

Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталып, әрбір қатысушыға қатысу сертификаты, ал белсенді қатысушыларға mini-MBA бағдарламасы бойынша одан әрі оқытуға арналған жекелеген бағыттар берілді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады