Екі апталық дәріс өтті

Қауіпсіздік
08.12.2025, 11:14
Оқуға 1 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды көздеген «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» жобасы аясында Жамбыл жол бөлімшесінде екі апталық оқу курсы өтті.

Шойын жолдың бойындағы қауіп-қатерді азайтудағы мақсатты әрі маңызды қадамдардың бірі – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру. Қолайлы әрі сенімді ортада теміржолшылар өз міндеттерін жауапкершілікпен мінсіз атқара алады. Ал оның нәтижесі – пойыздар қозғалысы кезінде туындауы мүмкін ықтимал факторлардың азаюы.  

2025 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде барлық филиалдарда «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша салалық құрылымдардың басшыларын, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмысшыларды оқыту жобасы осындай мақсатта қолға алынған. Компанияның ішкі тренерлері Азат Әжібеков, Шеге Зейнекен, Думан Орымбетов жүргізген екі апталық оқу курстарында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту жолдарын қарастыратын тренинг-сабақтар өткізілді.

Арнайы видео роликтер көрсетіліп, өндірістік жағдайда жарақат алулардың салдары мен себебіне талдау жасалды. Тренерлер орын алған оқыс жағдайларды мысалға ала отырып, оған әсер еткен техникалық факторларды саралап, түсіндіріп берді.

Сарышаған, Шығанақ, Шоқпар, Шу, Түрксіб, Боранды, Қаратау, Тараз станцияларында өткізілген оқу курстарында Жамбыл жол бөлімшесі бойынша 2300-ге жуық маман қатысып, ірі және шағын станция қызметкерлері түгел қамтылды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды