Темір жолдағы тәртіп пен тәуекел: Атырау өңірінде қозғалыс қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде

Қауіпсіздік
19.01.2026, 12:59
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда қозғалыс қауіпсіздігі ең маңызды мәселе. Соған сәйкес өңірлердегі қауіпсіздік ревизорлары жұмысының негізгі бағыты – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатердің алдын алу болып саналады. Алайда, жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын салада қауіпсіздік сақтала бермейді, сондықтан да әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.  

Атырау аймағы бойынша Бас ревизордың орынбасары Сұңғат Түкеевтің айтуынша, аймақ теміржолындағы қауіпсіздіктің сақталуы мен қамтамасыз етілуі ревизорлық аппарат мамандардың тікелей назарында.  

– Біз қашан да келеңсіздіктердің алдын алу, оны болдырмауға тырысамыз. Өткен 12 айда аймақтағы барлық темір жол мекемелерінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша 52 кемшілік анықталды. Соның ішінде Атырау ЖТ бойынша  қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 1 жағдайы  (инцидент) орын алды. Онда Қарабатан-496 разъезд айналымында Мақат депосына қарасты локомотивте өрт дабылы соғылған, оның себебі локомотив бригадасы тарапынан стандартты емес жағдайға дұрыс әрекет етпеуінен болған. Кемшіліктер тексеріліп, жауаптыларға тиісті шаралар қолданылды. Сондай-ақ, вагон тежегішінің реттелмеуі, қуаттандыру блогының істен шығуы, жол кедергісінен поездың кешігуі сынды т.б. жағдайлар орын алады. Сондықтан әрбір адам, маман, әсіресе темір жол қызметкерлері қозғалыс қауіпсіздігіне баса мән беріп, өте сақ болуы керек, - дейді ол.  

Басшының мәліметіне сәйкес, былтыр 12 айда 596 тексеру жүргізіліп, оның ішінде кездейсоқ 58, мақсатты 510, түнгі 28 тексеру болған. Нәтижесінде 5366 кемшілік анықталды. Олардың көбі жылжымалы құрам мен техникалық құралдарды күтіп-ұстау мен пайдалану (2765%), еңбек өндірісінің технологиялық талаптарының сақталмауы (2176), құжаттамаларды, аттестацияны жүргізудегі, т.б. кемшіліктер. Одан тыс Камаздың пойызға келіп соқтығысуынан (1 наурызда) 1 теполвоз бен 11 вагон рельстен шығып, 4 жолаушы және 9 жүк пойызы кешігіп қалды және бірнеше адам жарақат алды. Бұл енді ҚТЖ кінәсы емес, Камаз жүргізушісінің қателігеген болған оқиға.  

«Ақ-Жайық-7» ЖШС кінәсінен, яғни жөндеудің дұрыс жүргізілмегендігінен, дөңгелек жұбынының, серіппенің сәйкес келмеуі, вагон тірегінің ақауы орын алған. Аймақтағы жекеменшіктегі кірме жолдардың да жағдайы мәз емес. Жолдың сапасыздығы мен вагон қараушылар тарапынан тежегіш башмақты алмауы салдары вагонның дұрыс қозғала алмауына әсер еткен. Сонымен қатар кірме жолдардың өткелдерінде 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген.  Вагондардан ақау табылса оларды қайта жөнделгенше құрамнан алып тастау, жол мен бағыттамалы бұрмалар сапасы талапқа сай болмаса шектеу қою немесе жөндеп болғанша мүлдем тоқтату талабы қойылады. Құралдар мен қондырғыларға да осындай қатаң шаралар қолданылып жүр.  

Бүгінде өңірде жолды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сол себепті ол учаскелерде жылдамдық та артқан. Тальго пойыздары сағатына 120-140 шақырыммен жүреді. Жалпы, өңірдегі жолдың 80-пайызға жуығы темір-бетон жаңа шпалдарға, жаңа рельстерге ауыстырылған. Сол себепті пойыз жылдамдығы артатыны да түсінікті. Бірақ, жолда ірі қара мал көп жүреді. Әсіресе, қауіпті саналатын жерлер Атырау-Махамбет, Махамбет-Қызылжар, Бақсай-Аққыстау, Құлсары-Шоқпартоғай, Жантерек-Мұқыр-Сағыз, Ганюшкино-Атырау аралықтары. Соған сәйкес мал басу оқиғалары да болмай қоймайды. Өткен жылы аймақ темір жолдары бойында 79 мал басу оқиғасы тіркелген.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады