«Назар аудар, жолда адам!»: ШЧ-36 мамандары қауіпсіздік шараларын пысықтады

Қауіпсіздік
17.02.2026, 09:01
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы Тараз станциясындағы техникалық кітапханамен бірлесіп «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік: мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында оқу семинарын өткізді.

2 ақпаннан бері барлық өңірде жүріп жатқан «Назар аудар, жолда адам!» атты айлық аясында өткен семинарда ШЧ-36 Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Аман Ұлақұлов магистральдық желі учаскелерінде орын алған келеңсіз оқиғалардың себептері мен салдарына тоқталып, жол бойында қатаң сақталуы тиіс еңбек қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын түсіндірді.  

– Теміржолшы ең бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып, пойыздар қозғалысына жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Әр маман, жұмысшы өз ісін тиянақты атқаруы арқылы қауіп-қатердің алдын алуға үлкен үлес қосады. Өзіне жүктелген міндетті орындауда алдымен қауіпсіз еңбек талаптарын сақтауы шарт, – деген Аман Ұлықпанұлы жұмыс барысында кездесетін бірқатар қателіктерді талдап айтып берді.  

Тараз станциясындағы техникалық кітапхананың бас кітапханашысы Жәнібек Рысбеков дистанция қызметкерлеріне шойын жол бойындағы қозғалыс кезінде естен шығаруға болмайтын ескертулер жазылған арнайы әдістемелік нұсқаулықтар таратып, қауіп-қатердің алдын алу бағытында ұсынылатын техникалық-ғылыми еңбектерді таныстырып өтті. Дистанцияның еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Ержан Ахметбеков пен эколог-инженер Айгүл Керімбекова еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.  

– Теміржол бойында түрлі қатердің алдын алу, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қашанда өзекті. Бұл мәселеде біз теміржолшыларды қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты әдістемелік, теориялық нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Кітапханаға жыл сайын 12 түрлі ғылыми-техникалық журналдар мен газеттерді жазғызып алып отырамыз. Оның ішінде локомотив, вагон, жолшы, тағы сол сияқты салалық құрылымдарға арналған басылымдар бар. Одан бөлек кітапхана қорында да кітаптар жеткілікті. «Назар аудар, жолда адам!» айлығы басталғалы бері Жамбыл филиалындағы техникалық кітапхананың Шу және Сарышаған бөлімшелері жергілікті станция және дистанцияларда осындай бірлескен іс-шаралар өткізді, – дейді бас кітапханашы Жәнібек Есмұратұлы.  

Осы ретте Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық кабинетінің материалдық-техникалық базасы мамандар үшін теория және тәжірибе жүзінде әдістемелік көмек көрсету үшін өте ыңғайлы, талапқа сай жабдықталғанын айта кету керек. Нұсқаулар мен ереже, талаптардың бәрі тақырыптық стендтерден орын тапқан.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?