Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді

Қауіпсіздік
28.07.2026, 08:54
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясы аумағындағы Жилгородок теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында рейд өтті. Автокөлік ағыны көп тұста теміржолшылар мен желілік полиция және прокуратура өкілдері жүргізушілермен жұмыс жүргізді.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілген акция теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған. Рейдке қатысқан Ақтөбе локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Бақытғали Джанесов бастаған теміржолшылар, Қалалық полиция департаменті мен көлік прокуратурасының өкілдері жүргізушілерге теміржол өткелдерінен қауіпсіз өту ережелерін және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жайын түсіндірді.  

«Жол қозғалысы ережелерін елемеу адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді бағдаршамның, дыбыс белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға, шлагбаум жабылған кезде өткелден өтпеуге шақырамыз, жауапкершілік тек теміржолшыларға немесе тәртіп сақшыларына жүктелмейді, ол бәрімізге ортақ екенін естен шығармайық», – деді Б.Джанесов.  

Жилгородоктағы теміржол өткелі – көлік қозғалысы қарқынды учаскелердің бірі. Осыған байланысты мамандар жүргізушілерге жабық шлагбаумды айналып өтпеу, тыйым салатын бағдаршам жанғанда өткелге шықпау, теміржол үстіне тоқтамау және пойыздың жоқтығына көз жеткізбей қозғалысты бастамау керектігін түсіндірді. Жүргізушілерге арнайы жадынамалар таратылып, теміржол өткелдерінде жіберілетін өрескел қателіктердің қайғылы салдары туралы айтылды.  

Еске салайық, биыл ҚТЖ еліміздің барлық өңірлерінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Қауіпсіз темір жол» және «Қауіпсіз темір жол өткелі» екі бірдей профилактикалық акциясын өткізуде. Іс-шаралар темір жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, өтпелерде ЖКО-ның алдын алуға және көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда