Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары

Қауіпсіздік
24.08.2026, 16:42
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде жыл сайын теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, пойыздар мен автокөлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ жүргізушілердің теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзуына жол бермеу мақсатында тұрақты негізде кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді.  

Биылғы «Қауіпсіз өткел» және «Қауіпсіз темір жол» сынды профилактикалық іс-шаралар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын негізге ала отырып жүргізілді. Бөлімше мамандары осы жылы аталған тұжырымдама аясында 12 рейд өткізіліп, олардың барысында теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзудың 54 фактісі анықталғанын алға тартты.  

– Оңтүстік – халық көп шоғырланған өңір. Темір жол бойымен қозғалатын адам да, көлік те көп. Сондықтан оқыс оқиғалардың алдын алу бағытында біз жергілікті атқарушы органдармен және желілік полиция бөлімшелері өкілдерімен тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Биыл да профилактикалық жұмыстар аясында қауіпсіздік талаптары мен теміржол өткелдерінен өту қағидалары түсіндіріліп, нәтижесінде 536 жүргізуші қауіпсіздік талаптарымен таныстырылды. Рейдтер барысында бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемеу, жабық шлагбаумды айналып өту, өткел аумағында автокөлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою, сондай-ақ теміржол өткеліне жақындаған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамау сынды құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды, – дейді бөлімше директорының орынбасары Жомарт Мырзабеков.

Теміржолшылар теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп, теледидарда сөз сөйлеп, газетке мақалалар жариялап тұрады. Сонымен қатар мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындардың атына профилактикалық жұмысты күшейту және теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында отызға жуық ақпараттық хат жолданған. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып, теміржол өткелдеріндегі көріну деңгейі жақсартылған. Сондай-ақ темір жолдарды кесіп өту кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақыратын ақпараттық ескертулер орналастырылған.  

Атап өтерлігі, профилактикалық жұмыстар жол дистанцияларының, теміржол өткелдеріне қызмет көрсететін мамандардың, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүргізілуде. Әсіресе автокөлік қозғалысы қарқынды теміржол өткелдеріне және жол қозғалысы қағидаларын бұзу қаупі жоғары учаскелерге ерекше назар аударылуда. Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары.    

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті