Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті

Қауіпсіздік
08.09.2026, 09:15
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы күзет қырандары күз басталысымен қызмет қарқынын біршама арттырды. Қыркүйектің 2-ші жұлдызынан бастап ӘТЖК Семей филиалының жігіттері Аягөз бен Семей станциялары арасында жедел-алдын алу айлығын бастады.

Осыған дейін қыркүйектің соңына дейін жалғасатын айлықтың маңызы жайында ақпараттық жиын өтіп, атқарылатын жұмыстар қатары жан-жақты пысықталған болатын. Желі бойындағы барлық іс-шаралар «ҚТЖ-ҰК» АҚ-ның 2026- 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілмек. 

Филиал директоры Самат Райымбековтің тікелей бастамасымен қолға алынған бұл іс-шараның ауқымы жоғары. Атап айтсақ, Аягөзден басталған тексеру, қадағалау жұмыстары аралық станциялар бойынша да толыққанды жүргізілуде. Күзет қызметінің сарбаздары бірінші кезекте станция басында тұрған жылжымалы құрамдарды жіті тексеруде. Бүліну мен мүліктерді жымқыру іздерін анықтау және жүк вагондарындағы тауардың бүтіндігі бірінші кезекте назарға алынған. Күзет қызметкерлері теміржолшыларды желі бойындағы күмән тудыратын жағдайлар мен мүліктерді аман-сақтау бойынша тиісті нұсқаулықтар жайлы ақпараттандыруда. 

Сонымен қатар желі бойындағы ӘТЖК Семей филиалы қызметкерлерінің жұмыс орындары мен күнделікті қызмет бабы да жіті тексерілуде. Мұның сыртында арнайы квадрокоптер арқылы желі бойына әуеден де бақылау жүргізілді. 

Түйіндей айтар болсақ, семейлік теміржол күзетінің қызметкерлері жоспарлы жұмыстарды мейлінше күшейткен. Бөлімшеге қарасты 1394 шақырымдық телім бойы толықтай сенімді қолда тұр. Желі бойындағы жағдай тұрақты бақылауда. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті