Мұнай қоймасынан өрт шықты

Қауіпсіздік
10.09.2026, 13:30
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бұл кезекті оқу-жаттығу емес. «Kyzylorda Refinery» ЖШС мұнай қоймасында тұтанған өрт шынымен қорқынышты еді. Теміржол инфрақұрылымына қауіп төндірген өрт Қызылорда өрт сөндіру пойызының күшімен толық сөндіріліп, 9 вагон қауіпсіз жерге шығарылды.  

Қара түтіні будақтап айналаны торлап алған өрт ошағына  өрт сөндіру пойызы келіп жеткеннен кейін 23 минут ішінде сөндірілді. Тілсіз жаудың ошағы Белкөл станциясы маңындағы Саяхат шағын ауданының өнеркәсіптік аумағында орналасқан «Kyzylorda Refinery» ЖШС мұнай қоймасында тұтанған. Өртті сөндіру үшін 7 қыркүйек күні сағат 17:00-де Қызылорда облысы ТЖД ӨТБҚ бастығы, аға лейтенант Мақсат Досмағанбетов Қызылорда станциясының өрт сөндіру пойызынан көмек сұратты. Оқиға орнынан 18 шақырым қашықта орналасқан өрт сөндіру пойызы 17:15-те Ақтөбе ЖОББ кезекшісі Әділовтің №1 бұйрығымен дабыл бойынша көтерілді. Нұсқаулыққа сай әрекет еткен жеке құрам санаулы уақыт ішінде жиналып, құрал-саймандарын сайлап, локомотивің тіркелуі, пойызды станцияның оңтүстік алқымындағы жолға шығару секілді әрекеттер оперативті түрде жүргізіліп, 17 сағат 31 минутта жүріп кетті.  17:46-да өрт сөндіру пойызы Белкөл ст. 4-жолына келіп жетіп, жұмысқа кірісті. Қоймада  әрқайсысы 60 тонналық екі резервуардағы мұнай өнімдері 200 шаршы метр аумақта жанып жатты.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жауапты тұлғалар барлық күшті тілсіз жаумен күреске бағыттаған. Топ құрамында Қызылорда ЖТ бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Қайрат Төрединов болды.  

Дереу іске кіріскен өрт сөндірушілер 18:10-да бір ГПС-600 және бір СВП оқпанын бере отырып, көбікпен шабуыл тәсілімен, алдымен өрттің жалынын өшіруге тырысты.  Көбікпен буып-жабу, сумен өшіру әдістерімен 18:20-да өрт оқшауланып, 18:25-те толық сөндірілді.  

Әрине Өрт сөндіру пойызымен бірге жергілікті жауапты мекемелерден 60 адамдық құраммен 1 БШМ, 1 ША, 3 АЛ, 11 АЦ, 2 АНР арнайы техникасы, сондай-ақ «Қызылорда тазалығы» мекемесінің 5 су тасу көлігі секілді 18 бірлік техника да жұмылдырылған.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Теміржол инфрақұрылымы нысандарына және пойыздардың қозғалысына қатер төнген жоқ. Өрттің шығу себептері мен мән-жайын Қызылорда облысының ТЖД тарапынан тергеліп, зерделенуде.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті