Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат

Қауіпсіздік
15.09.2026, 09:08
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа оқу жылының басталуымен қауіпсіздік айы жарияланып, жол бойына жақын оқу орындарында балалар қауіпсіздігіне арналған кең көлемде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

«ӘТЖК» ЖШС Түркістан филиалының Қызылорда аймағында орналасқан Сексеуіл, Қазалы, Қызылорда, Шиелі атқыштар командасының қызметкерлері жергілікті мектептерді аралап, теміржолдың қауіп-қатерін түсіндіріп, сақтандыруда.  

Қызылорда атқыштар командасының сарбаздары мен станция басшылары желілік полиция өкілдерімен бірлесіп Акмаржан мөлтек ауданындағы №282 мектепте және Белкөл кентіндегі №189 мектепте «Теміржол-қауіпті аймақ» тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізді.  

Темір жолдың қауіпті аймақ екені бесенеден белгілі болса да оған жақындағанда «үйдің тұсынан өте салайын», «жақындау жолмен, төтелеп өтіп кетем» деген ой кейде қауіпке бастайтынын біліп, көріп жүрсе де теміржол маңында сақтықты ұмытып жататындар тиылар емес. Белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтушілер, жылжымалы құрамға тас атып залалға ұшырататындар арасында балалар да өкінішке орай аз емес.  

– Баланың қауіпсіздігі – бәрінен қымбат. Оқу жылының басталуына орай теміржол обьектілерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтілуде. Қауіпсіздік айлығына байланысты балалардың қауіпті аумақта қауіпсіздік талап-ережелерін қатаң сақтау, теміржолды арнайы белгіленген жерлерден ғана өту, өткелдердің тыйым салынған белгілеріне тоқтау керектігі, аса қауіпті аймақта сақ болу қажеттігі балаларға жан-жақты түсіндіріліп, ескертілуде, – дейді Қызылорда атқыштар командасының бастығы Рахманберген Жұмабеков.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды