30 жыл бұрын Маңғыстаудан Мәскеуге пойыз қатынаған екен

Темір жол тарихы
11.11.2021, 10:55
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Күні кеше Маңғыстау жұртшылығы өз тарихында тұңғыш рет су жаңа жолаушы пойызына ие болып, жаңа вагондардан жасақталған «Маңғыстау – Алматы» жолаушы пойызы жолға шыққаны белгілі. Ал осыдан отыз жыл бұрын қарт Маңғыстаудан Мәскеуге алғашқы жолаушы пойызы аттанған еді. Түкпірдегі түбек халқы үшін бұл айтулы оқиға болған. Сол кездегі алып материктің біраз бөлігін билеп отырған КСРО орталығы, Ресейдің бас қаласы Мәскеуге қатынайтын жолаушы пойызы 1990 жылдың 29 маусымы күні аттандырылған болатын. Вокзал алдына халық көп жиналып, сол уақытта қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа бағыттағы пойызды шампан атып жолға шығарып салған. Бір қызығы, бұл пойыздың алғашқы әрі ең бірінші жолаушысы да теміржолшы болыпты. Ол – осы пойыздың №1 билетімен жолға шыққан Сұлу Асқарқызы. Маңғыстау станциясында 32 жыл еңбек еткен ол қазір зейнеткерлік демалыста. Түбек теміржолының құрметті ардагері Амандық Алдабергеннің жары, тұтас бір теміржолшылар әулетінің анасы. Алғашқы билетті сатып алған жолаушы ретінде апамызға тепловоз маңдайына шампан шөлмегін шағу құрметі бұйырыпты. Пойызды алғашқы сапарға Маңғыстау теміржол бөлімінің бастығы Қыдыр Қалағанов, вокзал бастығы Қалжан Найманова бастаған Маңғыстау жұрты ақ жол тілеп, шығарып салды. Бірақ бір-екі жылдан соң КСРО таратылып, одақ теміржолымен байланыстар үзіле бастаған соң Мәскеуге қатынайтын пойыз да жүрісін тоқтатқан екен.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды