Теміржолшы әулеті – Арыстанбай ұрпағы

Темір жол тарихы
08.09.2023, 10:58

Арыс қаласының тарихы Орынбор – Ташкент темір жолының салынуымен басталады. Қазақстан мен Орта Азия үшін әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси ықпалы зор болды.  

Бір ғасырдан аса тарихы бар темір жол кәсіпорындары, 67 жылдық тарихы бар қаламыз осы кезеңде қалыптасқан өзінің жұмысшы әулетімен мақтана алады. Алғашқы кезде жол салу құрылысына үрейлене үрке қараған жергілікті тұрғындар – қазақтар темір жолға бірте-бірте бауыр басып, оның күн көріс үшін болашағының зор екенін ұғына бастады.  

Олар құрылыстағы қара жұмысқа алынды. Ресей қиян далада темір жол салу үшін жергілікті тұрғындардың өте арзан жұмыс күші екенін біліп,   оларды пайдаланды. Мәселен, 1900 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы құрылысында 3 мыңнан астам жергілікті халық еңбек етіпті.  

Тарихи құжаттар темір жол құрылысының Орынбор жағынан 1910 жылдың 10 маусымында, Ташкент жағынан 9 қарашада басталғанын дәлелдейді.  

Арыстықтар Арыстанбаевтар әулетін «Теміржолшылар әулеті» деп құрметпен атайды. Біздің бабамыз Арыстанбай балалары Бекмырза мен  Есмырза Арыс өңіріне белгілі азаматтар болыпты. Ол кезде олар қазіргі Қостүйін деген елді мекенінде, Арыс өзенінің жағасында өмір сүрген. «Арыстанбай тоғайы» деген атаумен әлі де бар. Қабірлері сонда жайғасқан.      

Ұлдары мен немерелері және шөберелері 

Бекмырза мен Есмырза аталарымыз Ташкент – Орынбор темір жолын және Қостүйіндегі Арыс өзені үстінен өтетін «Көккөпір» атанып кеткен көпірді де салуға белсене қатысыпты. Мінеки, Арыстанбайдың теміржолшы әулетінің бастауында аталған аталарымыз болған екен.  

Бекмырзаның ұлдары: Сайранбай (1898 ж), Әмірше (1906 ж), Әбіл (1908 ж)  де, Есмырзаның балалары: Исатай (1896 ж), Сейдеш (1898 ж.), Сейділдә (1910 ж), Байділдә (1918 ж) Арыс өңіріне белгілі азаматтар еді.  

Сайранбай Бекмырзаұлы Ұлы Отан соғысында елін қорғауға аттанып, сонда қаза тапқан. Зайыбы Айбарша апамыз қызы Сара-13 жасар, ұлдары Баянбай-4 жаста, Серікбай-4 айлық, яғни, бір қыз, екі ұлымен қалыпты. Алғашқыда майданнан екі-үш ай хат келіп тұрыпты да, содан соң, сап тыйылыпты. «Жұмысшы батальонды» аға мастер Сайранбай тобын соғыста қираған темір жолды қалпына келтіруге алып кетеді. Содан, Харьковтегі ұрыс жағдайы аса қиындаған соң, қанды шайқасқа салып жібереді. Сонда қаза тауыпты. Айбарша апамыз тістеніп, тырбанып жүріп үш баласын жетілдіреді. Қаншама қиыншылық көрсе де, тұрмыс тауқыметін әбден тартса да, мойымады. Кішкентай ғана кісі еді. Ауыл-аймақ «қара кемпір» деп атап кетіпті. Ағайын-туыстар да көмектесіп тұрыпты.  

Үлкен ұлы Баянбай жоқшылықтың зардабы болар тоғыз жасында оқуға С.М.Киров (қазіргі С.Қожанов) атындағы мектептке барыпты. Жауапкершілігі мол, адал азамат болып тәрбиеленді. Сапалы білім арқасында вагон депосында істеп жүргенде вагонның күрделі бөлшектерін жөндеуді өз бетінше оқып, үйреніп алады. Жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіншілігі болмай, тиісті техникалық кітаптарды оқып, білімін, мамандығын жетілдіріп отырды. Жұмысқа берілгендік, адал еңбегінің нәтижесінде аға вагон қараушы, ауысым басшысы болып істеді. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысты. 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік кеңесінің депутаты болып сайланды. Құрмет белгісі орденімен, бірнеше медальдармен наградталған.  

Сайранбайдың кіші ұлы Серікбай да теміржолшы мамандығын таңдайды. Стансада пойыз құрастырушы болып істейді. Адал еңбегін жоғары бағалап, сол кезде басшы болған Әуесхан Салықбаев оны өте қадірлеуші еді.  Ол бірінші және екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен наградталады. Бірақ, «жазмышқа» дауа жоқ, жұмыста жүріп, оқыс жағдайда бір аяғынан айрылады. Мүгедектегі бойынша жұмыстан босағанымен, үйінде қарап отыра алмайды. Еңбекқорлығының, жанкештілігінің арқасында, ақсаңдап жүріп үй де салады, бақшалықпен де айналысады. Өзі еңбек еткен ұжым да ұмытпайды.  Мерекелерде, әсіресе, теміржолшы күнінде әрқашан құттықтап, сый-сияпат жасап отырады. Қазақ темір жолы басқармасы 2021 жылы жеңіл автокөлік тарту етті.  

Баянбайдың ұлдары: Еркін, Нұралы, Бегалы, Ералы әке жолымен темір жолда еңбек етуде. Немересі Ербол да аталған салада жұмыс жасауда.  

 Бекмырзаның екінші перзенті Әмірше де өмірін темір жолмен байланыстырған. Еңбектегі үздік жетістіктері үшін «Ленин» орденімен наградталған. Ұлдары Орынбасар, Жаңбырбай және Сеңгірбай да шойын жолда еңбек етті.  

Бекмырзаның үшінші перзенті Әбіл де темір жолда істеді. Оның ісін ұлдары Сайлау мен Ізбасар жалғастырды. Әбілдің үлкен баласының ұлдары Сабыр мен Жарылқасын да аталған салада.  

Арыстанбайдың екінші баласының ұлдары Исатай мен Сейдеш те теміржолшы болды. Екеуі де ерен жұмыстары үшін «Ленин» орденімен наградталады. Исаұлы Қасымбектің баласы Мұратбек, оның ұлы Пернебектің де жұмысы теміржолға қатысты.  

Осы жолдардың авторы Оразхан Сейдешұлы да 1963 жылы мектепті медальмен бітірген соң еңбек жолын тепловоз депосында бастап, он жылға жуық жұмыс жасайды. Оның ұлдары Алтынбек пен Жарқынбек те теміржолда еңбек етті. Үшінші ұлы Бақыт темір жол милиция бөлімінде қызмет атқарды, немересі Асылжан да тепловоз депосында кезінде атасы Оразхан істеген цехта жұмыс істеп жүр.  

Есмырзаның кенже ұлы Байділдәнің ұлдары: Ырысбай, Кенжебай және Мараттар да темір жол саласынан зейнеткерлікке шықты. Мараттың төрт ұлы да  әке жолын жалғастыруда.  

Келіндері мен қыздары

Арыстанбай әулетінің өмірлерін темір жолмен байланыстырған келіндері мен қыздарын атап өткенді жөн көрлік.

Сайранбайұлы Серікбайдың зайыбы Ақбота, Әмірше ұлдары: Орынбасар, Жаңбырбай және Сеңгірбайдың әйелдері: Дариға, Бейсенкүл мен Әмина, Әбілдің ұлдары: Сайлау мен Ізбасардың жарлары Гүлжан мен Базаркүл, Сейдеш келіні Сәрсенкүл және Байділдәнің зайыбы Қалия, оның ұлы Ырысбайдың өмірлік серігі Күләш та және темір жол саласында еңбек етті.  

Айтқандай, Сейдеш ақсақалдың немере келіні Раушан екінші Арыс вокзалында кезекші қызметін атқарса, екінші келіні Орынкүл осында сауда саласында халыққа қызмет көрсетуде.  

Бабаларымыздың немере қыздары: Тұрған, Лилия, Есенкүл, Ұлданай және Жамила да темір жол саласында жұмыс жасады.

«Ат тұяғын тай басар» деген бабаларымыздың асыл сөзі бекер айтылмаса керек. Ата қартайса баласы орнына келіп, оның ісін ұрпағы жалғастырып, ата кәсіпті нәсіп ету жақсы үрдіс, әрі мақтаныш екені даусыз.  

Бір Арыстанбай әулетінен 52 адам темір жолда еңбек етіпті, әлі де жалғастырып келеді. Жалпы, еңбек өтілімі 1100 жылдан асыпты. Олардың үшеуі «Ленин» орденімен наградталыпты. Бұл әрине еңбектегі үлкен жетістік. Тек қана Арыс торабында емес, бүкіл Қазақстандағы ең көп теміржолшы әулеті екені даусыз.  

Менің ізденуімнің нәтижесінде  торапта 25 әулеттің ұрпақтары жұмыс жасапты және еңбек етуде. Бұл ата кәсіпке деген нағыз адалдық болса керек.  

Айтқандай, Баянбайұлы Еркін мен Сайлауұлы Сабыр зерделілік жән іскерлік танытып, қалалық музей алдына теміржолшы әулеті Арыстанбай ұрпағының есімдері жазылған тақтаны дайындап, үлкен тасқа орнатты. Теміржолшы күні қарсаңында салтанатты түрде ашылуы өткізілді. Әрине, біздер ағайындар да жабыла көмектестік. Бұл іс қала әкімі Гүлжан Мамытқызы және музей директоры Айгүл Әбдірайымқызы тарапынан қызу қолдау тапты. Салтанатты жиынға Шымкент темір жол бөлімшесінен Нұрғали Нұртаев, Сәді Сайранбаев және темір жол бөлімінің бастығының орынбасары Арман Сабденбеков, «Аманат» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали  Ділдәбеков, тағы басқалар қатысып, сөз сөйледі.

Бұл игілікті іс жастарға және болашақ ұрпаққа үлкен өнегелі тірлік болса керек.  

Оразхан АРЫСТАНБАЕВ, Арыс қаласының Құрметті азаматы.

 

Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады