Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай «Темір аю» жобасы іске қосылды

Темір жол тарихы
22.02.2024, 10:47
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-100 жас есім» бағдарламасы аясында тұсауын кескен жобаның мақсаты – қазақ теміржолының қалыптасу тарихын зерттеу және насихаттау, қайырымдылық іс-шараларын жүргізу, сонымен қатар теміржолшы мамандығының танымалдығын арттыру.  

Жобаны ойлап тапқан – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының Алматы теліміндегі жолаушылар пойызының жолсерігі  Диана Бимбетова. Автордың айтуынша, жобаның басты кейіпкері – Қазақстан қалаларына пойызбен саяхатқа шығатын Темір есімді аюдың өз паспорты бар, әр станцияға келгенде оған белгі соғылып, мөр қойылады. Әрбір станцияда оны «ҚТЖ-100 жас есім» бағдарламасының қатысушылары қарсы алып, аю Темірмен бірге қайырымдылық іс-шараларын жүргізеді.  

– Неліктен таңдау аюға түсті? Аю – күш символы ретінде интерпретацияланады, ал теміржол өмір жолы мен техникалық прогресс күші болып табылады. Темірге кәсіби нысанды киім «Қазақстан темір жолына – 120 жыл» және «100 жас есім» логотиптерімен тігін шеберханасында тігілді. Аю Темірдің «Инстаграм» мен «Тик Токта» аккаунты бар,  ол жерде біз қатысушылар игі істеріміз жайлы көп адамның білуіне және басқа адамдардың жақсылық жасауына себепкер болуымыз үшін фотосуреттер мен видео жүктеп отырамыз. Сонымен қатар Инстаграм парақшаға қазақ теміржолының қалыптасуы мен даму тарихы, теміржолшылардың жұмыс күндері мен жетістіктері жүктелетін болады. Тұтас Қазақстанда қайырымдылық іс-шараларын жүргізіп, аю Темір Алматы қаласына қайтып оралады, бұл жерде оның құпия тағы бір миссиясы болады, – дейді жоба авторы Диана.

«ҚТЖ-100 жас есім» бағдарламасының қатысушысы, жылдың үздік корпоративті волонтері, «Самұрық-Қазына» АҚ Жастар форумының қатысушысы, экономика ғылымдарының магистрі Диананың бұл жобасын басшылық қолдап, оны жүзеге асыруға рұқсат берген. Диана аю Темірмен Логистика және көлік Академиясына барды. Сонымен қатар жаңа кейіпкер биыл 26-29 ақпан аралығында Шымкент қаласында «100 жас есім» оқу модуліне қатысады. Сол жерде оны автор батысқа саяхатқа шығарып салады.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды