Жеңіс рухын сөндірмеген Қызылорда алауы

Темір жол тарихы
06.05.2025, 11:03
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қаласының қақ төрінде әрі теміржол станциясына жақын орналасқан Мәңгілік алау ескерткіші – бүгінде ел рухына тағзым етіп, ұрпаққа өткеннің өнегесін жеткізіп тұрған қасиетті орын. Бұл мемориал – Ұлы Жеңістің құрметіне ғана емес, елге еңбек сіңірген теміржолшылардың да жанкешті еңбегін еске салар тарихи белгі.

Мәңгілік алаудың тұтану тарихында Қызылорда теміржолшыларының сіңірген еңбегі ерекше орын алады. 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылорда қаласында «Тағзым алаңы» ашылып, Мәңгілік алау тұтанды. Бұл тарихи сәтке Қызылорда локомотив депосының еңбек озаты Әкімгерей Бекбауов және Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқасына қатысушы Өмірзақ Маханбетов тікелей атсалысты. Олар Волгоград қаласындағы Мамаев қорғанынан алауды арнайы алып келіп, Қызылордада тұтатқан тұлғалар ретінде есте қалды.

 

Бұл оқиға тек бір сәттік рәсім емес, аймақтағы теміржолшылардың рухани және азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болды. Қан майданнан оралған ардагерлер мен соғыстан кейінгі жылдары еңбек майданында тер төккен теміржолшылардың ұрпақтары бүгінде Қызылорда локомотив депосында еңбек етіп, бұл дәстүрді жалғастырып келеді.  

Мәңгілік алау тұтанғаннан кейін, 1976 жылы машинист-нұсқаушы Яков Козулин бастамасымен Қызылорда локомотив депосында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Мұражайға аймақ теміржолшыларының өмірінен сыр шертетін көптеген жәдігерлер жиналды. Еңбек жолының әр кезеңінен естелік болып қалған фото, құжат, жеке заттар – бәрі байырғы теміржолшылардың мұрағаттарынан алынған. Уақыт өте келе бірқатар жәдігерлер облыстық тарихи мұражай қорына өткізілді.  

Бүгінде бұл мұражай Қызылорда жол бөлімшесіне келген әрбір қонаққа көрсетілетін, өңірдің теміржол тарихын көзбен көріп, жүрекпен сезінуге мүмкіндік беретін мәні терең, мазмұны бай мәдени орынға айналды. Бұдан бөлек Қызылорда локомотив пайдалану депосының ауласында ҰОС ардагерлеріне арналған аспан асты мұражайы да бар. Мәңгілік алау мен аспан асты мұражайы күні бүгінге дейін Жеңіс рухы мен еңбек абыройының ұлы символы ретінде өскелең ұрпақ тәрбиесіне қызмет етуде.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті