Маңғыстау депосының КТСМ құрылғысымен қамтылу деңгейі – тоқсан пайыз

Аймақтар
02.09.2022, 10:07
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Вагон шаруашылығына енгізіліп жатқан жаңа технологиялар қатарында КТСМ аппаратының алатын орны ерекше. Бұл «жансыз вагон қараушылар» көз жетпейтін жерлердегі ақауларды да анықтап, қауіпсіздіктің сақталуына зор септігін тигізіп отыр.

 Жыл басынан бері аталған ақылды құрылғының көмегімен Маңғыстау вагон пайдалану депосында 12 вагон түрлі ақаумен ағытылған. Маңғыстау депосының КТСМ құрылғысымен қамтылу деңгейі – тоқсан пайыз. Яғни, бүгінде 27 данасы жұмыс істеп тұр. Жоспар бойынша 2027 жылға дейін жүз пайыз қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Қолда бар қондырғылар үлкен техникалық қызмет көрсету пункттерінің аумағына орнатылған.  

– Негізгі бес техникалық қызмет көрсету пунктіміз бар. Олар Маңғыстау, Бейнеу, Сай-Өтес, Өзен, Болашақта және бір бақылау пункті Шетпеде, қалғандары – бақылау бекеттері. Бұлардың көбісі КТСМмен қамтамасыз етілген. Тағы да үш жерге – Маңғыстау, Сай-Өтес, Жетібай станцияларына орнату қажет. Қашықтыққа байланысты әр 25-30 шақырым аралықта біреуі болуы тиіс. Алдағы уақытта қажеттілік өтеледі деген жоспар бар. Жыл өткен сайын бұрынғы қондырғылар жаңарып, жаңасымен ауыстырылып, жалпы өндіріс жаңғыртылып жатыр.

 Осыған дейін КТСМ1, ПОНАБ, ДИСК құрылғылары қолданылғаны белгілі. Жалпы, бұл көмекші құрылғының пайдасы көп. Адам жаңылысуы мүмкін, көзі көрмей, құлағы естімей, кемшілікті жіберіп алуы мүмкін. Ал заманауи құрылғы жаңылыспайды, келе жатқан вагондағы кемшілікті тауып, диспетчерге жеткізіп, белгі беріп тұрады. Вагонның қатты қызып кетуі, қисайып келе жатуы сияқты адам көзбен көре алмайтын  кемшіліктерді анықтайды. Егер ондай белгі берілсе, вагон келесі станцияда мұқият тексеріліп, қажет болса ағытылады, болмаса жөндеп жіберіледі, – дейді Маңғыстау вагон пайдалану депосының инженер-технологы Наурызбай Байтұрақов.  

Айтуынша, вагон депосы осы құрылғының көмегімен және вагон қараушылардың қырағылығы нәтижесінде қаншама ақауды анықтап, апаттың алдын алуда. Ақаулы вагондарды жолдан алып, жөндеп, құрамға қайта қосып жа  тыр. Мәселе қосалқы бөлшектер қорының жеткілікті болуында. Депода үш түрлі – азайтылмайтын (неснижаемый), ағымдағы және апаттық жағдайдағы қосымша бөлшектер қоры жинақталады. Олар қазіргі таңда жеткілікті көрінеді. Дегенмен кейбір қорларды толықтыру жоспарланып отыр. Керекті бөлшек-тетіктер тізімі жасалып, тапсырыс берілген. Жақында мың дана тежегіш қалып алыпты. Енді қалғаны да жеткізіліп, қорды толықтыруы күтілуде екен.

 Одан бөлек өткен жылы депоның оқыту алаңдары маркерлі тақталармен жабдықталса, алдағы уақытта проекторлармен жабдықтау жоспарланып отыр. Мұндай оқыту алаңы жеті техникалық қызмет көрсету орнында қарастырылған.  

Сонымен қатар биыл құрылыс жұмыстары да жалғасқан. Маңғыстау, Өзен станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінде (ТҚКП) жылу жүйесі бойынша құбырлар ауыстырылып, жаңартылған. 36 нысанда ағымдағы жөндеу жүргізілген. Олар – ТҚКП бақылау бекеттері мен Болашақтан бастап Опорная станциясына дейінгі аралықтағы вагон қараушылар отыратын ғимараттар, тамақтанатын, демалып тынығатын орындар.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды