Арыста доңғалақ жұптарын жөндейтін шеберхана ашылды

Аймақтар
16.09.2022, 09:01
Суреттерді түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласындағы вагон жөндеу депосы базасында вагон доңғалақтарын күрделі жөндеуден өткізетін шеберхана іске қосылды. Сала мамандарының айтуынша, бұл – оңтүстік өңірде ашылып отырған алғашқы жөндеу шеберханасы.

Жалпы 600 шаршы метр аумақта орналасқан шеберханада үлкенді-кішілі 7 өндірістік станок қызмет көрсетеді. Вагон жөндеу депосында қазіргі кезде 270 адам қызмет етсе, жаңа цехтың іске қосылуына орай алдағы уақытта тағы 25 маманды тұрақты жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.  

Жаңа өндіріс орнының ашылу салтанатына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі» филиалы директорының орынбасары Абзал Салықбаев, «Қазтеміртранс» АҚ бас инженері Нұрлан Жүсіпов, «Astana Railways Services» ЖШС бас директоры Бауыржан Мұсағитов, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық және өзге де серіктес кәсіпорын өкілдері қатысты.  

Доңғалақ жұптарын күрделі жөндеуден өткізетін мұндай кәсіпорынның Арыс қаласында іске қосылуы – құптарлық жайт. Өйткені оған тікелей себеп болатын факторлар жеткілікті. «Astana Railways Services» ЖШС бас директоры Бауыржан Мұсағитовтың пікірінше, Алматы мен Қызылорда облысының аралығындағы темір жол шаруашылығында мұндай деңгейде қызмет көрсететін кәсіпорын жоқ. Ал Арыс – Орта Азияның қақпасы атанған нағыз тоғыз жолдың торабы. Шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жөңкіліп жатқан жүк вагондарының доңғалағын күрделі жөндеуден өткізетін кәсіпорын дәл осы жерде сөзсіз қажет көрінеді. Осы кезге дейін Арыс маңында істен шыққан доңғалақ жұптарын жөндеу үшін вагон иелері шалғайда орналасқан кәсіпорындарға тасымалдап, әуре-сарсаңға түсіп келген.  

«Astana Railways Services» ЖШС «Арыс вагон жөндеу депосы» филиалының директоры Әділхан Ибрагимов бұл шеберхана доңғалақ жұптарын күрделі жөндеуге арналған стратегиялық маңызға ие өндірістік нысан екенін атап өтті. «Елімізде вагон паркін қалыпты жағдайда ұстау үшін ең алдымен вагон доңғалақтарының жетіспейтіні белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында біз жыл басында оңтүстік өңірде баламасы жоқ вагон доңғалақтарын жөндеу шеберханасын құруды көздедік және соған қол жеткіздік. Бұл жерде доңғалақ жұптары ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден өткізіледі. Демек, ендігі жерде вагон паркі иелері доңғалақ жұбы мен вагондарды жөндеу үшін уақыт пен қосымша шығынға жол бермей, «бір терезе» қағидасымен қызметті тиімді пайдаланатын болады», – деді ол.  

Салтанатты шара аясында қонақтар назарына шеберхананың жұмыс істеу процесі таныстырылды.  

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады