Қазалы дистанциясының бүгінгі тыныс-тіршілігі

Аймақтар
06.12.2022, 10:44
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы Сексеуіл – Қоскөл, Сексеуіл – Жосалы станциялары аралығындағы СОБ, байланыс, радиобайланыс, КТСМ-02 құрылғыларына жауапты. Мекемеде құрылғыларға техникалық күтім жасап және оларды жөндеу жұмыстарымен айналысатын үш жүзге жуық маман бар.

Дистанцияның 10 айлық жұмыс қорытындысымен таныстырған техникалық бөлімнің жетекші инженері Жантөре Аманның мәліметінен қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға өз үлесін қосып отырған кәсіпорын тірлігі табысты екеніне көз жеткіздік.  

Құрметті теміржолшы Ғани Ысқақов басқаратын дистанцияға тиесілі 634,09 км телімдегі жоспарлы жұмыстар әрқашан кестеге сай атқарылып, міндеттемелер дер кезінде жүзеге асырылады. Мекемеде үш жүзден аса теміржолшы еңбек етеді. Дистанцияның алты телімінің жұмысын кідіріссіз жүргізіп отырған мамандардың дені – электромеханиктер.  

Компания жобасына сәйкес 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін дистанция көлемінде ауқымды жұмыс жүргізілген. Дистанцияға 272 дана Р-80 Альстом типті электрлі жетегі беріліп, бұрмаларға орнатылған заманауи қондырғы бүгінде мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. Ал биылғы он айлық жоспар бойынша өндіріске бөлінген материалдар мақсатты игерілген. Дистанцияның биылғы кешенді жоспарына сәйкес техникалық құралдардың сенімділігін арттыру бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, қарама-қарсы бағыттағы пойыздардың телімдерден еш кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, жұмыстың сапалылығын арттыру үшін және реле құрылғыларының санын азайтып экономикалық тұрғыда тиімді болуы үшін Төретам – Диірментөбе станциялары аралығында шалқарлық жобамен жұмыс жасалды.  

Еңбекті қорғау жағдайын жақсарту арқылы мамандардың денсаулығын сақтау және техникалық қауіпсіздік мәселесіне дистанцияда айрықша көңіл бөлінеді. Еңбек қорғау бойынша жауапты қызметкер, жетекші инженер Әлібек Өтениязов жұмысшы қызметкерлердің уақытылы қорғау құралдары мен арнайы киімдермен қамтамасыз етілуін қадағалайды және дер кезінде қауіпсіздік нұсқамаларды аса сауаттылықпен таныстырып отыратын білікті маман.

– Жалпы, өткен жылы да, биыл да дистанцияда еңбек тәртібін бұзу және өндірісте жарақат алу оқиғасы тіркелмеді, – дейді техникалық бөлімінің жетекші инженері Жантөре Аман.  

Дистанциядағы күрделі жұмыстардың бірі – Сексеуіл – Қоскөл учаскелерін диспетчерлік орталықтан басқару жүйесіне қосу жұмыстары. Осы жобаға жетекшілік жасап отырған дистанция бастығының СОБ жөніндегі орынбасары Жанболат Досжанов РТУ телімінің бастығы Ерсайын Сұлтанов ең бастысы техникалық күтім дейді, айтуынша құрылғылар сапасы күтімге байланысты. Күтім жақсы болса ешқандай ақау да, апат та болмайды.  

Ал жиырма жыл дистанцияға жетекшілік етіп келе жатқан Ғани Ысқақов СОБ телім бастықтары Оралбай Пазылбеков пен Жасұлан Қартабаевтың, инженерлік топтан Жадырасын Беймбетов, СОБ-Кип аға электромеханигі Нұрлан Бурашов, СОБ электромеханиктері Дөнес Кунебаев, Патима Жасекенова, Гафур Айдарбеков, Қайрат Ибрагимов, Бөгенбай Молжігітов, Еркін Сейтмұратов, Идіріс Мұсаев және Жамихан Дарибаев, Мұхит Тлепбергеновтің ерен еңбектерін ерекше атап өтуді сұрады.  

Өткен жылы дистанция қызметкерлеріне 1 тұрғын үй типті модульді контейнер беріліп, Ордазы бекетіне қойылған ол жергілікті жұмысшылардың қажетіне жарап отыр. Биыл да басшылықтың араласуымен тағы да 3 тұрғын үй модулі алынып, дистанцияға қарасты Сексеуіл – Қоскөл аралығындағы № 10,11,12 бекеттерге орналастырылған. Жұмысшылар үшін ол демалыс орны, жатын орын қызметін атқарып отыр. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады