Станцияда осы жылдың алғашқы сенбілігі өтті

Аймақтар
14.03.2023, 10:18
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қытаймен шекарадағы Достық станциясында көктем келісімен жаппай тазалық жұмыстары басталды.

Биылғы алғашқы сенбілік наурыздың 3 күні өтті. Оған станцияның жүзден астам қызметкері жұмылдырылып, олар станция аумағындағы сұрыптау парктеріне, әкімшілік ғимараттарға, жол бойына бөлініп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

– Қыстай жиналған қоқыстың бәрін бір жерге жинап, станция ғимараттарының айналасын тазарттық. Екі күн қатарынан 100-120 адам қатысты. Бірінші күні сыртта жауын-шашын болғандықтан ғимараттар ішіндегі тазалыққа көңіл бөлдік. Станцияның 2 әкімшілік ғимаратын тазалап, 70-ке жуық қоқыс қабын шығардық. Бүгін екінші күні тар паркті, теміржол бойын, жер төсемдерін, жол аралықтарын қоқыстан тазаладық. Әрі қарай Сұрыптау паркінің, қызметтік тұрмыстық корпустың тазалығын жүргіздік. Қурап қалған жапырақтар, бұталар, ағаштар бұтақтарының бәрін жинап, трактормен полигонға жеткізіп, барлығы 4 куб қоқыс шығардық, – дейді станцияның өндірістік қауіпсіздік секторы бастығы Халида Сарекенова.  

Келесі сенбіде станциядағы барлық құрылымдық мекемелердің қызметкерлері шығып, тек теміржол аумағын ғана емес, жалпы Достық ауылының да шырайын кіргізбек.  

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті