«Ұрпақтар сабақтастығы» деген осы...

Аймақтар
21.03.2023, 09:42
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбылдық жас теміржолшылар қатарында көп балалы отбасылар аз емес. Болат жолдың көсегесін көгертіп, еліміздің демографиялық өсіміне үлес қосып жүрген олар «болашақ теміржолшылар династиясын өсіріп жатырмыз» дейді әзіл-шыны аралас.

Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Қайрат Сейдулда – көп балалы шаңырақтың иесі. Жары Шарбану Шаймерденова Жамбыл локомотив пайдалану депосында бухгалтер. Ерлі-зайыптылар отбасында бес бала өсіп келеді, кенжелері – егіздер.  

Жалпы, бұл әулетті «теміржолшылар династиясы» деп атауға толық негіз бар. Қайраттың бабасы – Тасыбай Ешназар Түрксіб құрылысына қатысқан. Әулеттің болат жолдағы қолтаңбасы сол дәуірден басталады. Ал атасы Сейдулда Ешназарұлы «Құрметті теміржолшы» атанған, талай жыл Жамбыл бөлімшесінде қауіпсіздік ревизоры болған. Әкесі Маралбек Сейдулдаұлы Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында ұзақ жыл еңбекті қорғау инженері, кадр бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. Өкініштісі, Маралбек Сейдулдаұлы 2016 жылы өмірден ерте кетті. Ал қазір бауыры Нұрпейіс Тасыбаев Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етіп жүр.  

Ал бесінші буын – Қайраттың ұлдары, кім біледі ертең олар да ата кәсібін жалғастырар. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы. Қайрат болат жолдағы еңбек жолын 2008 жылы осы дистанцияда электромеханик болып бастаған. 2011-2016 жылдары Астана электрмен жабдықтау дистанциясында электромеханик, цех басшысы, 2016-2019 жылдары Орталық электротехникалық зертханасында жетекші инженер болып еңбек етті, 2019 жылдан дистанция директоры.  

– Алланың берген төрт ұл, бір қызын тәрбиелеп отырмыз. Жұмыстан келгенде осылардың қызығымен күні бойы шаршағаныңды ұмытып кетесің. Тұңғышым Ақылбек облыс орталығындағы №3 гимназияның 6 сынып оқушысы. Оқу үздігі. Футболға қызығады. 2 сыныпта оқитын Асылбек те осы мектепте білім алады. 3 сыныптағы қызым Айсезім «Інжу» жекеменшік білім ошағында оқиды, математика пәнінен республикалық, облыстық, қалалық олимпиадаларда топ жарып жүр. 2019 жылы өмірге келген егіз ұлдарым – Айтөре мен Хантөре «Арайлыбақ» балабақшасына барады. Бауырмал, жанашыр, тілектес, ниеттес ұрпақ тәрбиелеу – парыз. Жалпы, көп балалы болудан қашпау керек, «бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген ғой қазекем, яғни әр баланың ырыс-несібесі бар, – дейді Қайрат Маралбекұлы.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады