Жеті жүз балаға оқу құралы берілді

Әлеумет
29.08.2025, 10:23
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2025-2026 жылдың жаңа оқу жылы да келіп жетті. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде балалар мектепке баруға қызу дайындалуда. Әсіресе мектепке тарыдай болып кіріп, он бір жылдан соң таудай болып шығатын бірінші сынып балақайларының толқуы мен қуанышында шек жоқ. Биыл Қазақстан бойынша 341 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл сайынғы «Балаларды мектепке дайындайық» қайырымдылық акциясын өткізуді биыл да жалғастыруда.

Биыл компания 3-5 класты шалғай станция, бекеттерде тұратын, көп балалы теміржолшылар отбасыларынан шыққан, бірінші сыныпқа баратын 700 оқушыны мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуде. Акция жаңа оқу жылының басында отбасыларды қолдау және бәріне тең жағдай жасауға бағытталған. Бұл оқу құралдарын теміржолшылар арасынан шыққан волонтерлер тиісті станция, бекеттерде тұратын отбасыларға жеткізуде. Оқушыларға қажет құралдар ішінде сөмке, дәптерлер, түрлі-түсті қарындаштар, сурет салатын альбомдар, қаламдар, желім, өшіргіштер, қылқалам және басқа да қажетті заттар бар.  

– «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін өз қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы қашан да маңызды. Бұған дейін республикалық «Мектепке жол» акциясына да қатысып келдік. Бұдан бөлек «Балаларды мектепке дайындайық» қайырымдылық іс-шарасына белсенді атсалысып келеміз. Бұл – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жыл сайынғы қайырымдылық бастамасы. Ол жұмысшылардың көп балалы отбасыларына, әсіресе шалғай аудандарда тұратындарға көмектесуге бағытталған. Акция аясында отбасыларға қажетті мектеп керек-жарақтары бар жиынтықтар беріледі. Теміржолшының әлеуметтік жағдайы дұрыс болса, қызметі де озық, еңбегі өнімді болады. Қазір барлық заттардың құны жоғарылап тұрған кезеңде бұл – көп балалы отбасылар үшін үлкен қолдау. Бұл – компанияның әлеуметтік саясатын жүргізу аясындағы жұмыстардың бір бөлігі ғана, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты