Ақаусыз жұмыс жасады
Аймақтар
14.04.2017, 14:45
Теміржол бойында қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды басты назарға алған қызылордалық теміржолшылар наурыз айын да өндірісте төтенше ақау-апатқа жол бермей, жемісті қорытындылады.
«Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі бас ревизоры Бостанбек Нұрымбетовтың мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың үш айында пойыздық және маневрлік жұмыстар барысында бір ақау тіркелген болса, биылғы үш ай ішінде бөлімше есебіне осы жұмыстарды атқару кезінде ақау тіркелмеген.
–Бөлімшесі бойынша наурыз айында пойыздық және маневрлік жұмыс барысында ақау тіркелген жоқ. 2016 жылдың наурыз айында жұмыстағы қиыншылық туғызған 2 жағдай орын алса, биылғы наурызда мұндай жағдай тіркелген жоқ. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде өзге де қауіпсіздікті бұзушылық оқиғасы бір мәрте есепке жазылса, ағымдағы жылдың наурыз айында орын алған жоқ. Жалпы алғанда наурыз айы тосын оқиғасыз өтіп, жұмыс та нәтижелі болды, – дейді бөлімшенің бас ревизоры.
Аймақтағы Сексеуіл – Қоскөл бағытындағы жаңа телімнің бойында иесіз малдың рельс жағалай жайылуы қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда кемшіліктердің орын алуына жол беруде. Жылдың алғашқы тоқсанында тосын оқиғасыз өткізген бөлімше теміржолшыларының есебіне 1 мәрте жұмыстағы қиыншылық (өткен жылы 2 рет) жағдайы тіркелген. Бұл ақпан айында тіркелген екен. Ал өзге де қауіпсіздікті бұзушылық оқиғасы өткен жылы 1 рет тіркелсе, биылғы үш айда да 1 мәрте орын алып отыр. Яғни биылғы жылдың алғашқы тоқсанында қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың екі жағдайы тіркелген.
Бостанбек Алдабергенұлының мәлімдеуінше, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтау үшін барлық шаралар күшейтуге бағытталып, назарға алынуда. Және де жол бойын тексеру барысында да назарға ілінген кемшіліктерге бей-жай қарауға болмайтындығы дер кезінде ескертіліп, техникалық пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды арттыру үшін сала шаруашылықтарын кезектен тыс, тосын тексеру ұйымдастырылып, жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысын сақтау, теміржолшы мен техниканың амандығын талап ететін ережелердің, қағидалардың орындалуын қадағалау шаралары алынуда. Сала мамандары құзырлы орган өкілдерімен бірлескен рейд өткізіп, жергілікті тұрғындарға теміржолдың қауіпті аймақ екендігін, малды қараусыз жіберуге болмайтындығын түсіндіріп, насихат жұмыстары тұрақты жүргізілгенімен, иесіз малдың жол бойына шығып кетіп, машинисті жедел тежегіш басуға мәжбүрлеп, қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіруі – күн тәртібінде өзекті мәселе болып қала бермек.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті