Теміржолшылар табиғи апат аумағынан келгендерге қызмет етуде

Аймақтар
08.04.2024, 13:49
Суретті түсірен автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жұмадан бастап су тасқыны салдарынан Атыраудың Жылыой ауданынан Маңғыстауға эвакуацияланған халық теміржолмен де, автокөліктермен де тасымалданып жатыр.

Түбек халқы төтенше апаттан жан сауғалап жеткен көрші облыс жұртшылығын құшақ жая қарсы алып, барынша қолдау көрсетуде. Олардың қатарында Құлсарыдан тоқсан шақырымдай қашықта орналасқан Опорная станциясына келген үш жанұяның 15 адамына төрінен орын берген Опорная станциясының бастығы Ерболат Ақоразов та бар. Эвакуацияланғандардың көбі Құлсарыға жақын болғандықтан ауылынан алыстағысы келмей, сол жерде қалғанды жөн көреді екен. Алғашқы лекпен екі жүз адам келсе, жұма-сенбі күндері күндері олардың саны 1600 ге жетіпті. «Келгендердің біразы өзге ауыл-қалаларға кетіп жатыр. Олардың керек-жабдықтарын түгендеп, пойызға шығарып салудамыз», дейді станция басшысы.  

Опорнаядан бері қарай Бейнеу станциясында да сол жағдай. Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, сенбі күнінің өзінде 14 мыңнан астам адам Бейнеудегі ауылдарға орналастырылыпты. Көлігі бар жергілікті халықпен бірлесе теміржолшылар да Құлсарымен екі ортада қатынап, суға қарсы бөгет жасауға атсалысып, уақытша орналастыру пункттерінде қызмет көрсетіп жүр. Құлсарыға көмекке алғашқылар қатарында аттанған вагон қараушы, еріктілерді басқарып жүрген Жандос Бектілеуовтың айтуынша, қазір аудандық еріктілер тобы белсене жұмыс істеуде. Олардың қатарында түрлі саладан және теміржолдың ПЧ, ШЧ, ДС, депо және басқа да мекемелерінен жігіттер бар.  

– Жылыойда су таси бастағаннан мұнайшы Ахан Дауыстыұлы екеуіміз ортақ чат ашып, аудан әкімін, қажетті қызметтерді кіргізіп, көмек қолын жинай бастадық. Азаматтардың қолдауымен 10 мың қап пен күрек алып суға қарсы бөгет жасауға аттандық. Жігіттеріміз Құлсарының төртінші, жетінші ауылдарына бөгет қоюға қатысты. Жолға шыққан көліктерді «Ақжолды» газ құю бекеті тегін жанармаймен қамтамасыз етті. Жол бойы ауыл азаматтары барынша қолдау көрсетіп жатыр. Көлігі, мүмкіндігі барлар күн-түн демей, Құлсарыдан кіреберістегі бекетке жиналған адамдарды алып келуде. Ешкім қол қусырып отырған жоқ, ел басына күн туғанда етігімен су кешіп жүрген халық көп, – дейді Жандос Бектілеуов.  

Бейнеудегі локомотив айналым депосының ұжымы да эвакуацияланған жандарға өз қызметін ұсынуда. Теміржолшылардың демалыс үйі мен «Ақсалим» спорт залы және «ҚазАвтоЖол» мекемесін де уақытша паналау орталығына айналдырып, көшіп келгендерге жылы орын беріп, ас-су ұсынды.  

«Біз, теміржолшылар мен еріктілер су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жылы орын жасақтап, жылқы сойып, қазан көтеріп, ас-су әзірледік. Бейнеуге тек кешегі күні 6500-ден астам адам келді», – дейді Бейнеу айналым депосының машинисі Арал Батыр.  

Айтуынша, олар өз алдына штаб құрып, кезекшілік ұйымдастырып, сол жерде тұрып жатқандардың керек-жарағын түгендеп отырған көрінеді. Олардың Маңғыстау депосындағы әріптестері Бейнеуге қаржылай қолдау көрсетіп, автожолдардың жабылуынан жолда тұрып қалғандарға көмектесуде.  

Бейнеу станциясының ұжымы да станция бастығы Есет Хайруллиннен бастап, табиғи апат аумағынан келгендерге қызмет көрсетуде. Ауданға бас сауғалай келген жандарды үйіне алып кетіп, күтімін жасап жатқан жайлары бар. Үстірт станциясындағы тұрғындар мен теміржолшылар да төтенше жағдайда тосыннан келген екі жүз адамды қабылдады. Әлеуметтік нысандарда тағы да қосымша орындар дайындалған.  

Жылыойлықтар Маңғыстау станциясына да жеткізілуде. Жексенбі күні екі жүзден астам адам Маңғыстау вокзалына Атырау – Маңғыстау пойызынан түсті. Оларды Мұнайлы ауданының әкімі күтіп алып, біразын өз өтініштері бойынша Қарақия ауданына жеткізіп, біразын қонақүйден әзірленген бөлмелерге орналастырды. Сондай-ақ, Бейнеудің Қоркөл станциясында да 473 адам келіп, 50 үйге орналастырылған. Дүйсенбі күні тағы мыңнан аса халық Маңғыстау вокзалына келіп түсті. 492 адам арнайы пойызбен, қалғаны Алматы – Маңғыстау, Атырау – Маңғыстау бағытындағы пойыздармен жеткізілді. Келушілер Мұнайлы ауданындағы жатақхана мен эвакуациялық орындарға жіберілді. Сондай-ақ, өз өтініші бойынша арнайы маршрутпен облыс орталығы мен басқа аудандарға, бұдан бөлек үйлерге жайғастырылды. Көптің қатарында вокзал басынан 8 адамнан тұратын бір отбасын Маңғыстау өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласов та үйіне алып кетті. Отбасының үлкені 1948 жылы туған Габбасова Мария келін-баласы және немерелерімен, Құлсары қаласының тұрғындары. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша азаматтарды қабылдау үшін 83 мың адамға есептелген 200-ден астам эвакуациялық пункт ашылған.

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады