Қауіпсіздік – қаруы

Аймақтар
09.08.2024, 09:44
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосында табан аудармай қырық жылдан аса тер төгіп еңбек еткен майталман теміржолшыны әріптестері үлкен құрметпен зейнетке шығарып салды.

Кәсіби мереке қарсаңында зейнет жасына жеткен Рабат Сембіұлы ұжымның жартысына тәлімгер, жас буынға үлгі тұтар ұстаз болды. Ол сонау 1991 жылы-ақ «Құрметті теміржолшы» атанды. 1996 жылы "Адал еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 

– Қазалы пайдалану вагон депосында 42 жыл еңбек еткен Рабат Сембіұлы сынды кәсіби мамандардың орны бөлек. Еңбек жолын жылжымалы құрамның жөндеушісінен бастаған ол сол дәуірдегі Құрметті теміржолшылар М.Акимов пен К.Беримбаев секілді тарландардың шәкірті болғанын мақтан тұтады. Және Кеңес Одағына белгілі Батин, Басалаевтар тәжірбесін меңгеріп Москвада оқыған. Әріптесімізді қимасақ та зейнетке шығарып салып отырмыз. Ендігі жерде бейнетінің зейнетін көріп, қалауынша өмір сүрсін деп тілек айтамыз, – дейді депо бастығы Арғын Орымбаев.

Құрмет пен қошеметтері үшін депо басшылығы мен кәсіподақ ұйымына алғыс айтқан Рабат Сембіұлы: «Менің бас қаруым қауіпсіздік болды, қауіпсіздікті нысанаға алып еңбек етсеңдер жемісін жейсіңдер» деп әріптестеріне жұмыста сәттілік тіледі. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды