Модуль-флешка: соңғы үлгідегі тиімді құрылғы

Аймақтар
01.10.2024, 10:15
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің локомотив пайдалану деполарында таспа тілін оқитын инженерлердің ДМР-Н модуль-флешкасы пайдаланыла бастағанына көп уақыт бола қоймады. Арнайы компьютерде қолданылатын бұл құрылғы технологиялық тұрғыдан жетілдірілген соңғы үлгідегі нұсқа болып табылады.

Түркістан локомотив пайдалану депосы таспа бөлімінің жетекшісі Маржан Әнуарқызы заманауи құрылғы осы күні қолданыстағы қағаз таспа мен кассеталық таспамен қатар пайдаланылатынын айтады. Оның артықшылығы сол, таспадағы деректер электронды үлгіде тасымалданады. 

Талап бойынша модуль-флешканы тиісті құжаттарымен бірге cапарға алып шыққан машинист, оны локомотивтегі арнайы аппаратқа орнатқаннан кейін ғана қозғалысты бастауы тиіс. Өйткені жылжымалы құрамның жүріп-тұрғанына қатысты деректерді осы модуль-флешка тіркейді. Ал кеңседегі қызметкер ақпаратты ДМР-Н құрылғысының көмегімен арнайы компьютерге өткізіп, инженерлер тарапынан қозғалыстың қалай болғаны мұқият тексеріледі. 

– Осы электронды үлгі санатындағы модуль-флешка ұсынатын ақпараттардың элементтері мейлінше жетілдірілген. Әсіресе машинист қырағылығына қатысты деректердің барлығы да компьютер экранында түрлі-түсті сызықтармен айқын көрініс береді, – дейді модуль-флешканы оқу маманы Гүлнұр Құлымбетова. 

Мәселен, қағаз таспа үлгісінде машинистің белгі беру түймесін басқан-баспағаны анық көрініп тұрмағандықтан, ондағы сызықты инженерлер шаблонға салып, өлшеу арқылы анықтайды. Ал жаңа жүйеде оның бәрі нақты көрінеді. Тіпті сигнал түймесін қанша уақыт басып тұрған ұзақтығына дейін экранда шығады екен. 

Сонымен қатар мұнда машинистің қырағылық деңгейін көрсететін бөлек сызық болады. Негізінен пойыз әр станцияға кірер алдында дабыл қағылуы тиіс. Бұл – бұлжытпай орындалатын талап. Себебі машинистің дабыл түймесін басқанына қарап, оның ұйқылы-ояу немесе сергек жүргенін байқауға болады. Ал дабыл соғылған сәттегі қара сызықтың көрсеткіші жоғары-төмен иректеле түседі. Ол кезде кабинада басқа қоңырау белгісі берілмейді. Нәтижесінде бірсыдырғы бейнеленген сызыққа қарап, машинистің қырағылығы бағаланады. Ал машинистің кемшілігі анықталған жағдайда тиісті деңгейде шара қолданылады. Себебі ондай қателікке бой алдырудың соңы үлкен қауіп-қатер тудыруы мүмкін. 

Қысқасы, машинистің жол сапары, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауы, тапсырма дұрыс не бұрыс орындалғанын айна-қатесіз жазып алатын модуль-флешка машинист әрекетін бағалайтын заманауи тиімді құрылғы болып отыр. 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді