Әкім ҚТЖ ұйымдастырған семинарға қатысты

Аймақтар
22.10.2024, 09:29
Фото: Әкімдік
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.

Іс-шара теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді және оларды шешудің жаңа тәсілдерін талқылауға арналды. Семинарға ҚТЖ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары Ниязбек Жаңабаев, Маңғыстау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің директорлары, көлік саласындағы құқық қорғау органдары, облыстық мәслихат өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген пойыз қозғалысының бас ревизорлары қатысты. Теміржолшылар бас қосқан жиында көлік қауіпсіздігін нығайту, инфрақұрылымды жаңарту және темір жол ревизорларының қызметін оңтайландыру жолдары талқыланды. 

 

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай темір жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, саланың өңір экономикасына тигізетін оң әсерін атап өтті.  

– Болашақта өңірде теміржол тасымалы артады деген үмітіміз зор. Алдағы уақытта жаңа вагондар алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл ел экономикасының дамуына серпіліс береді. Теміржол саласы мамандарының жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді, – деді Нұрдәулет Қилыбай.  

Жиын қорытындысы бойынша теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігі және жүйелік мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар қабылданды.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде