Үздік қызметкерлер ұлықталды

Аймақтар
29.10.2024, 09:11
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолында Республика күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде өткен іс-шара барысында үздік қызметкерлердің еңбегі еленіп, марапатталды.

Салтанатты жиынды ашқан бөлімшенің бас инженері Қарақат Жақанов әріптестерін мерекемен құттықтай келе, еліміздегі елеулі күннің мән-маңызына тоқталды. Мемлекетіміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің нәтижесінде түрлі сала өркендеп, соның ішінде темір жол да дамып, күннен күнге оң өзгерістер орын алып жатқанын тілге тиек етті. Бұдан кейін орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілі Сәрсенбай Есенқұлов сөз алып, жылы лебізін білдірді.  

Ақжарма тілектерден кейін марапаттау рәсімі басталды. Зейнеткерлер мен түбек теміржолының түрлі бағытында еңбек етіп жүрген еңбек озаттарына «Қазақстан теміржолына-120 жыл», «Маңғыстау теміржолына-60 жыл» төсбелгілері табысталды. Тағы бір топ теміржолшы Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының Алғыс хатын алды. Сондай-ақ аймақтағы өндірістік кәсіпорындардың жас мамандары арасында өткен волейбол жарысында екінші орын алған Маңғыстау теміржолы командасына кәсіподақ комитеті атынан ақшалай сыйлық табысталды. Іс-шара одан әрі қарай өнерлі теміржолшылардың ән шашуына жалғасты.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады