Еңбек адамына құрмет

Аймақтар
31.03.2025, 10:47
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде еңбекқорлық пен кәсіпқойлықты дамыту, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу және олардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында жиын өтті.

Шараға «Aманат» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және теміржол саласының ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшесі Ибрагим Басықараев қатысты. Олар шойын жолда еңбек етіп жүрген теміржолшылардың еңбегін жоғары бағалап, көлік  саласының маңыздылығын айрықша атап өтті.

2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл бастама еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы еліміздің экономикалық дамуына үлес қосатын мамандарды бағалауға бағытталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы  елімізде кәсіби мамандардың рөлін арттырып, қарапайым еңбек адамдарының қадір-қасиетін көтеруді көздейді.

Кездесуде Алмасбек Есмаханов партияның жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру бағытында атқарып жатқан шараларын сөз етті. Техникалық және кәсіби білім беру саласындағы жаңалықтар мен өзгерістерге тоқталды. Биылғы жылы мемлекеттік тапсырыстың 10 мың орынға артқанын, оның 65 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінгенін мәлімдеді. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі оқу орындарының филиалдары өңірлерде ашылып жатқанын, жыл сайын шамамен 500 ғалым шетелде машықтануға мүмкіндік алатынын атап өтті.

Сонымен қатар Алмасбек Есмаханов аймақтың дамуына үлес қосқан теміржолдағы әулеттер мен сала ардагерлеріне құрметін жеткізіп,  алғыс хат табыс етті.  

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты